Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3908 0 пікір 30 Маусым, 2011 сағат 07:41

Мұхтар Шерім. Кабинетінен қашып кетті...

Департамент бастығы креслосына шалқая түсіп, ұйықтап отырған. Құшағына құлап жүрген, «айлығымды өсіріңізші» деп сұрап жүрген хатшы қыз ішке кіріп:

- Ағай, жетпіс жеті жылдан кейін жүзге келетін кемпір келіп тұр,- деді.

- Кірсін,- деді  басекең көзін ашпаған күйі. Кабинетке тары жеген тауықтай болып, жас бойжеткен кірді.

- Сәлеметсіз бе? Амансыз ба?-деді қыз босағада тұрып.

- Аман болмағанда, өліп қалды деп пе едің...

- Сізге келіп едім.

- Маған келмегенде, келесі көшеде тұратын кеңкелеске келіп пе едің, шырағым?

- Университет бітіріп, диплом алдым...

- Кім алмай жатыр...

- Сіздерде бос орын бар екенін естіп...

- Бар, отыра бер.

- Қайда?

- Бос орынға.

- Арыз жазбаймын ба?

- Кімнің үстінен? Менің бе?

- Жоға... Жұмысқа тұруым үшін...

- Бар да отыра бер,- деді басекең көзін ашпастан. Екі қолын айқастырып алған.

- Қайда?

- Бос орынға....

- Отыра берейін бе?

- Бір сағат отыр да, кете бер...

- Ағай, көзіңізді ашыңызшы...

- Көзім ашылмайды...

- Қойыңызшы, соқыр бастық болмайды...

- Мені соқыр деп кім айтты?

- Қызық адам екенсіз.

- Қызық емес адам, қызық емес сериал.

- Бір түрлі...

- Екі түрлі болса да.

- Сіз ауырып отырсыз ба?

Департамент бастығы креслосына шалқая түсіп, ұйықтап отырған. Құшағына құлап жүрген, «айлығымды өсіріңізші» деп сұрап жүрген хатшы қыз ішке кіріп:

- Ағай, жетпіс жеті жылдан кейін жүзге келетін кемпір келіп тұр,- деді.

- Кірсін,- деді  басекең көзін ашпаған күйі. Кабинетке тары жеген тауықтай болып, жас бойжеткен кірді.

- Сәлеметсіз бе? Амансыз ба?-деді қыз босағада тұрып.

- Аман болмағанда, өліп қалды деп пе едің...

- Сізге келіп едім.

- Маған келмегенде, келесі көшеде тұратын кеңкелеске келіп пе едің, шырағым?

- Университет бітіріп, диплом алдым...

- Кім алмай жатыр...

- Сіздерде бос орын бар екенін естіп...

- Бар, отыра бер.

- Қайда?

- Бос орынға.

- Арыз жазбаймын ба?

- Кімнің үстінен? Менің бе?

- Жоға... Жұмысқа тұруым үшін...

- Бар да отыра бер,- деді басекең көзін ашпастан. Екі қолын айқастырып алған.

- Қайда?

- Бос орынға....

- Отыра берейін бе?

- Бір сағат отыр да, кете бер...

- Ағай, көзіңізді ашыңызшы...

- Көзім ашылмайды...

- Қойыңызшы, соқыр бастық болмайды...

- Мені соқыр деп кім айтты?

- Қызық адам екенсіз.

- Қызық емес адам, қызық емес сериал.

- Бір түрлі...

- Екі түрлі болса да.

- Сіз ауырып отырсыз ба?

- Арқама массаж жасайын деп пе едің? Есікті сыртынан жаба сал!

Ашуланған жас маман іштей: «пара бермесе, қызметке алынбайтынын» түсінді де, терең күрсініп, кетіп қалды. Артынша өзіне еркелеп жүрген  хатшы қыз басын қылтитты:

- Ағай, жетпіс бес жылдан кейін шамамен жүзге келетін «шал» келіп тұр.

- Кірсін.

Ішке қоқиланған бала қораздай болып, ісіп-кеуіп жас жігіт кірді.

- Привет! Сізге келдім,- деді ол салған жерден.

- Кел,күнде келе бер. Есігім де, терезем де, көңілім де ашық...

- Ай сайын ақша алайын деп келдім..

- Бірдеңе шайнап тұрсың ба?

- Ия. Сағыз.

- Сиырсың ба, не?

- Жоқ, жас букачикпін...

- Бұқа баламын де... Ия, ет жейтіндей ентігіп, неге келдің?

- Орынбасарыңыз болғым келеді...-деп ыржиды бала.

- Сен кімсің өзі?- деді есінеген бастық көзін ашпастан.

- Шіренген Бастықболаровпын.

- Мұнда неге келдің деймін?

- Зам болайын деп...... Бір жылдан кейін орныңызға бастық болайын деп...

- Болар бала дамбалынан деген... Жоспарың жынды екен,-деді бастық көзін ашпастан.

- Осылай сопайып тұра беремін бе?

- Немене, жапырақ жайып, гүлдеп кетесің бе?

Бір кезде жас жігіт ұялы телефонымен әкесіне хабарласты.

-          Пап, мына маубас ұйықтап отырып сөйлеседі менімен. Орынбасары болғым келмейді. Не дейсіз? Онда өзінің орнына отыра ғой деймісіз? Пап, бірден бастық болғанға  «неудобно» емес пе?  Жарайды, берейін... Әй, мысықбас! Әкем сізбен сөйлесемін дейді. Астанадан. Үкі­мет үйінен.

Департамент бастығының ұйқысы шайдай ашылды. Орнынан ұшып тұрып, жас бала ұсынған ұялы телефонды құлағына тосты.

--Ойбай... бұл сіздің балаңыз ба еді? Сіз шынымен Шыңғырған Шыбышбаевпысыз? Кешір­іңіз, болды, болды, орынбасарым болсын... не дейсіз? Ә--ә, мен оның орынбасары болайын ба? Ж-жарайды, әне балаңыз да маған түнере қарайды... С-сау болыңыз...

Ол ұялы телефонын мықтының баласына беріп жатқан. Анау ұялы телефонын алып жатып, қолынан тартып қалды.

- Ашалау...-деді жігіт жымысқы жымиып.

- Ашалау, ашалау- мағаликум, басеке!

Жас  маман бастықтың креслосына отырып жатып:

-  Сіз сияқты бір мызғып алайын. Есікті сыртынан жабыңыз!-деді. Анау басын төмен иіп, қолын қусырып, артқа қарай шегіне жүре берген, есіктен кіріп келе жатқан хатшы қызға соқтығысып, оның қолындағы ыстық кофе арқасына төгілді. Белі қайқаңдаған экс- бастық: « Айеба-ай,а- арқам!»- деп айқайлап жіберді де, кабинеттен қаша жөнелді. Жаңа бастық паң, хатшы қыз аң-таң...

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір