Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3406 0 пікір 30 Маусым, 2011 сағат 07:14

Нұра Матай. Енді Темірболатов деген тепсініп шықты...

Мәжіліс сарайында Темірболатов дейтін депутат тебініп отыр. «Атың шықпаса жер өрте» демекші, бар-жоғы белгісіз, аты-жөнін адам естімеген депутаттардың біздегі саяси белсенділігінің сипаты осы: бұра тартып, бұтарлап сөйлеу, мәселенің байыбына бармай жатып байбалам салу! Симамбаев Тасбай немесе Бердіоңғаров Танирберген сияқты Серік Темірболатов та  көпшілікті «селт»  еткізіп алуды ойласа керек, ол былай деп көсілді:

- Жайға ғана арабтанушы ғалымдардың емес, жауапты мемлекеттік шенеуніктердің абайсыз айтқан сөздері Қазақстанның қоғамдық тұрақтылығы мен конфессияаралық татулығына іріткі салуы мүмкін.
Не себепті мемлекеттік немесе үкіметтік тұлғалар діни ұйымдармен қарым-қатынаста өзінің жеке ықыласын халыққа жайып, мемлекеттік қолдау көрсету арқылы бір дінге басымдық беру арқылы басқаларының құқығын шектейді? Бұл дін елімізде татулықта өмір сүріп жатқан басқа да діни нанымдарға қарсы қойылып отырған жоқ па? Не себепті көп конфессиялы еліміздің мемлекеттік органы өзінің негізгі міндетіне қарамастан тек бір ғана дінге бағытталған тұжырымдама әзірлейді?

Депутаттың «жай ғана арабтанушы емес, жауапты мемлекеттік шенеунік» деп отырғаны таяуда  қызметіне кіріскен Дін істері жөніндегі агенттіктің  төрағасы - Қайрат  Лама Шариф.  Темірболатовтың тепсінуіне  Қайрат Лама Шариф басқаратын   агенттік «бір ұлт - бір дін» принципіне негізделген бірыңғай ислам тұжырымдамасын құратыны жөнінде ақпаратты бүкіл елге жайып салыпты. Масқара! Бұндай тұжырымдамаға біздің конфессияшыл, шынына келсек діннен хабары шамалы, кәпір-атеист депутатымыз қалай шыдасын?!. Жарылып кетуге шақ қалып отыр.

- Лама Шарифтің айтқан сөздері,- дейді ол, - Қазақстанның Конституциясына, мемлекетті діни ұйымдардың ісіне араластырмау принциптеріне қайшы келеді және елімізде діни тұрақсыздық тудыруы мүмкін.

Депутат Темірболатов Дін істері жөніндегі агенттіктің ұстанымы Қазақстанның Конституциясына қайшы деп қақылдағанымен  әлем елдерінде жағдай басқаша. Әлгі депутаттық сауалынанан кейін әлде бір жаққа сапаралап кетіп қалмаса, оқитын шығар деп «қалаулымыздың» қаперіне мына бір жайттарды саламыз.

Әлемдегі зайырлы мемлекеттердің дінге деген ұстанымын былайша жіктеуге болады:

а) Клерикальді жүйеге жақын зайырылылық.

ә) Конкордато жүйесіне жақын зайырлылық.

б) Діндерге тең құқық беретін зайырлылық.

Клерикальдыға жақын зайырлы мемлекеттерге Түркия, Малайзия, Белоруссия секілді мемлекеттерді жатқызуға болады. Себебі, бұл мемлекеттер зайырлы мемлекет болып танылғанмен, өз терреториясы мен халқының тарихи танымында ерекше ролге ие бір дінге мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетеді. Бірақ, дінді мемлекеттің саясатына араластырмайды. Егер, дін күшейіп келе жатса, оған шектеу қойып отырады.

Конкордатоға жақын зайырлы мемлекеттерге Мысыр, Ауғанстан және Ливан секілді мемлекеттерді жатқызуға болады. Мәселен, Мысыр зайырлы мемлекет болып табылғанмен, Ислам дінінің өкілдерімен кейбір мәселелерде санасып отырады. Тіпті, Ислам дінін оқытатын оқу орындарын мемлекеттік қазынадан қаржыландырады. Ливан мемлекеті Хезболла секілді діни ұйымның өкілдерімен санасуға мәжбүр.

Діндерге тең құқық беретін зайырлы мемлекеттерге посткеңестік елдердің көпшілігін, сондай-ақ, АҚШ, Франция, Германия, Бельгия секілді мемлекеттерді жатқызуға болады. Бұның ішінде біздің елімізде осы санатқа кіреді. Зайырлы мемлекет құрудың осы жүйесі мемлекеттің болашағы үшін аса қауіпті. Діндерге тең құқық беру демократиялық принцип болғанмен, діни сенімі мен ұстанымы бір-біріне қарсы келетін ағымдардың бір мемлекетте бір уақытта қатар өмір сүруі, қоғамдық бірізділікті жоғалтып, нәтижеде бұндай ырықсыз жүйе мемлекеттің іргесі сөгілуіне әкеп соқтырады. VІ-ІХ ғасырларда Солтүстік Кавказда өмір сүрген Хазария мемлекеті діндерге тең құқық беруінің нәтижесінде ішкі бірлігінен айырылып, тарих көшіне ере алмай тоз-тозы шыққан болатын.

Темірболатов дейтін жігітіміздің санасы дімкәс болмаса, мына әңгімені де жадына түйіп алсын:

...Еліміздегі көптеген діни бірлестіктер мемлекеттік тіркеуден өтерде өздерінің шынайы бейнесін жасырып, жалған бағдарлама түзген. Егер, иеогово куәгерлері мен баһаййе секілді ағым өкілдері қан ауыстыруға болмайды, мемлекеттік шекара деген жоқ, отан қорғау харам, мемлекеттік нышандарға құрмет көрсету дұрыс емес деген қағидаларын өз бағдарламаларында ашық көрсетсе, мемлекеттік тіркеуден өте алмаған болар еді. Ал, қәзір олардың осындай жолды насихаттайтындарына  ресми фактілер жетіп артылады.

Сондықтан, бұндай діни бірлестіктерді депортациялауға тиістіміз. Сонымен бірге бұл жерде мемлекетпен бірге халық менталитетін сөз етіп отырған себебіміз, бүгінгі заманда ұлтымыздың тарихи танымы мен салт-дәстүрін қаралайтын діни ағымдар пайда болды. Мысалға, уаһабие секілді ағымдар қазақтың домбырасы мен қобызы және дәстүрлі әндерін, сондай-ақ, қанша ғасырлардан бері қалыптасқан мәдениетімізді жөн-жосықсыз харам деп қабылдайды. Қазақтың мәдениетін қаралау деген сөз, сайып келгенде мемлекетті жоққа шығаруға әкеп саяды. Сондықтан, халықтың менталитеті дін туралы заңымызда негізгі құндылық ретінде қарастырылуы тиіс (Мұхан Исахан, «Көк туды көп ту құлатпасын»/www.abai.kz/content/mykhan-isakhan-kok-tudy-kop-tu-kylatpasyn).

«Абай-ақпарат»

0 пікір