Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 14223 0 пікір 29 Маусым, 2011 сағат 10:35

Табиғаттың тосын мінезі

Мамыражай Алматы мамырдан бері мазасыз. Әлсін-әлсін жер сілкінді. Іле-шала баданадай бұршақ жауып, дауыл тұрып Алатаудың кәрі қарағайларын қынадай қырып, қиратып кетті. 17-нші мамыр күнгі дауыл Іле Алатауы ұлттық саябағы саналатын тау беткейлеріндегі қарағайлардың 90 мыңын сұлатып кеткен. Ағаштарды жинап алуға үш жыл керек деп жатыр. Құлаған қарағайды кесіп, етекке түсіруге жұмыс күші де, қаржы да жетпей, жергілікті билік жанталасып жатыр. Өстіп жүргенде осы дүйсенбіде тағы да қатты дауыл тұрып, қаладағы 161 ағашты құлатса, Медеу шатқалында 5 мың ағашты қопарып тастаған. Алматының ауа-райы тосын мінез танытып, бұрын-соңғы болмаған жайттарды көріп жатырмыз. Түбі тыныш болса екен.

0 пікір