Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3186 0 пікір 28 Маусым, 2011 сағат 17:54

Астанада дүниежүзіне танымал «Манон Леско» операсының премьерасы өтеді

29-30 маусымда К.Бәйсеитова атындағы Ұлттық балет және опера театрында атақты итальян композиторы Джакомо Пуччинидің дүниежүзіне танымал «Манон Леско» операсының премьерасы өтеді. Аталмыш опера аббат Превоның «Де Грие мен Манон Леско кавалерінің тарихы» атты романынының желісіне негізделген, деп хабарлады ҚР Мәдениет министрінің баспасөз қызметінен.

29-30 маусымда К.Бәйсеитова атындағы Ұлттық балет және опера театрында атақты итальян композиторы Джакомо Пуччинидің дүниежүзіне танымал «Манон Леско» операсының премьерасы өтеді. Аталмыш опера аббат Превоның «Де Грие мен Манон Леско кавалерінің тарихы» атты романынының желісіне негізделген, деп хабарлады ҚР Мәдениет министрінің баспасөз қызметінен.

Аталмыш операның қоюшы-режиссеры - Ресейдің еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, «Достық» Орденінің Кавалері Юрий Александров (Санкт-Петербург). Сонымен қатар Юрий Исаакович Мариин театрының қоюшы-режиссеры, «Санкт-Петербургъ-Опера» Мемлекеттік камералық музыкалық театрының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі (2008). 1997 жылы музыкалық театрдағы «ең үздік қоюшы-режиссер» ретінде Санкт-Петербургтың «Золотой софит» театр өнеріндегі ең жоғарғы сыйлықтың иегері атанды.

Қоюшы-дирижер - Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнер қайраткері Абзал Мұхитдинов. Қоюшы-суретші - Ресейдің еңібегі сіңген суретшісі, «Достық» Орденінің Кавалері Вячеслав Окунев (Санкт-Петербург). Қоюшы-балетмейстер - Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнер қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев. Вокал бойынша консультант - Тбилисси консерваториясының профессоры, Пезаро қаласындағы Ренато Тебальди мен Марио дель Монаконың вокал бойынша Халықаралық академияның, Италияның Озимо қаласындағы опера өнерінің Халықаралық академиясының доценті Алла Симонишвили.

«Манон Леско» операсы «Тоска» және «Богема» опералары секілді Дж.Пуччинидің алғашқы жұмыстарының қатарына жатады. Операда композитордың музыкалық-драмалық таланты ерекше ашыла түскен. Ол жарқын мінездерді нақышына келтіре суреттеп, сахналық жай-тұрыстарды ұтымды бере алумыен ерекшеленеді.

«Манон Лескода» гавр портындағы түрмеде отырғандарды Америкаға жөнелту үшін кемеге отырғызып жатқан жері ең әсерлі суреттеліп, көрерменге ұтымды жеткізілген. Бұл симфониялық-хордық көрініс аса көркем, әрі шебер суреттеліп, көрерменді ерекше тебіреністі көңіл-күйде ұстап отырады.

Манон мен де Гриенің шексіз американың шөлдерін кезіп жүруі жоғары лирика мен драматизмге толы сипаттағы көрініс.

Операның ең алғашқы қойылымы 1893 жылдың 1 ақпанында Турин қаласында өткен.

 

0 пікір