Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2772 0 пікір 28 Маусым, 2011 сағат 13:09

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалындағы жағдайдың өрбуі туралы

Астана, 28 маусым 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Жаңаөзен қаласындағы (Маңғыстау облысы) «Өзенмұнайгаз» («ӨМГ») өндірістік филиалында өтіп жатқан наразылық акциясына байланысты жағдайдың өрбуі туралы хабарлайды.

2011 жылдың 26 мамырында басталған наразылық акциясы барысында мұнай өндірудегі жиынтық жоғалту шамамен 150 мың тоннаны құрады.

Компания Өзен Кен орнындағы жылдық мұнай өндіру көлемі бұған дейін жоспарланған деңгейге жетпейді және кем дегенде 600 мың тоннаға төмен болады деп болжап отыр.

Сонымен бірге Компания «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ), «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, шоғырландырылған өндіру көлемі 2011 жылы  бұрын жоспарланған 13,5 млн. тонн. деңгейінен шамамен  4%-ға төмен болады деп болжап отыр. Аталған болжам наразылық акциясының қаншалықты созылатындығына және өндірістік филиал қызметінің қаншалықты жедел қайта қалпына келтірілетініне байланысты өзгеруі мүмкін.

Астана, 28 маусым 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Жаңаөзен қаласындағы (Маңғыстау облысы) «Өзенмұнайгаз» («ӨМГ») өндірістік филиалында өтіп жатқан наразылық акциясына байланысты жағдайдың өрбуі туралы хабарлайды.

2011 жылдың 26 мамырында басталған наразылық акциясы барысында мұнай өндірудегі жиынтық жоғалту шамамен 150 мың тоннаны құрады.

Компания Өзен Кен орнындағы жылдық мұнай өндіру көлемі бұған дейін жоспарланған деңгейге жетпейді және кем дегенде 600 мың тоннаға төмен болады деп болжап отыр.

Сонымен бірге Компания «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ), «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, шоғырландырылған өндіру көлемі 2011 жылы  бұрын жоспарланған 13,5 млн. тонн. деңгейінен шамамен  4%-ға төмен болады деп болжап отыр. Аталған болжам наразылық акциясының қаншалықты созылатындығына және өндірістік филиал қызметінің қаншалықты жедел қайта қалпына келтірілетініне байланысты өзгеруі мүмкін.

Қазіргі уақытта Компания ӨМГ өндірістік нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, үздіксіз мұнай өндірісін ұстап тұру үшін барлық қажетті шараларды қолдануда. ҚМГ БӨ басшылығы еңбек дауын заңдармен көзделген рәсімдер аясында, алайда тек  наразылық акциясы толық тоқтатылып, ӨМГ қызметкерлерінің барлығы жаппай жұмысқа қайта шыққаннан кейін ғана қарауға дайын екендігін баса атап, наразылық акциясына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді.

Сонымен қатар Компания наразылық акциясына қатысушылар саны - 650 адамға дейін (кезінде ең көбі 2500 адамды құрады) айтарлықтай азайғанын атайды.

Бас директор Асқар Балжанов былай деп мәлімдеді: «Компанияның өсуімен соңғы уақыттары ҚМГ БӨ үлес сатып алған бірлескен кәсіпорындардың қосар үлесі мейілінше сезілуде. Кең көлемдегі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жаңа активтерді сатып алуды қарастыратын Стратегияны іске асыру барысына қарай негізгі деп есептелген тарихи кен орындардың Компания экономикасындағы үлесі, әрине, азаятын болады. Сонымен бірге біз бұл кен орындарының әлеуетін барынша пайдалана отырып, еңбек ұжымдарымен арадағы қарым-қатынасымызды нығайта бермекшіміз»

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») «ПетроҚазақстан Инк.» және «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары - Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2010 жылдың шілдесінде халықаралық Standard & Poor's агенттігі Компанияның несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде, ал 2010 жылдың қарашасында «GAMMA-6» корпоративтік басқару рейтингін растады.

 

2011 жылдың 26 мамырында ӨМГ-де наразылық акциясы басталды.  ӨМГ жұмыскерлерінің бір бөлігі, ең алдымен тасымалдау кәсіпорындарының жұмыскерлері еңбекақыны көтеруді талап етіп жұмысқа шықпай отыр. Заңдарда көзделген  еңбек дауларын реттеу жөніндегі талаптардың сақталмағанына қарамастан қатысушылар аталған акцияны ереуілге жатқызады.

Компания наразылық акциясына қатысушылардың талаптарын негізсіз, ал наразылық акциясын заңсыз деп есептейді, оны Жаңаөзен қалалық сотының 2011 жылдың 24 мамыры күнгі шешімі растайды. Компания наразылық акциясына қатысушыларды Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шығаруды жалғастыруда.

Байланыстық ақпарат:

 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)

Дәулет Жұмаділ

e-mail: pr@kmgep.kz

 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)

Әсел Қалиева

e-mail: ir@kmgep.kz

 

Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147)

Елена Добсон

е-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk

 

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 

0 пікір