Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2542 0 пікір 28 Маусым, 2011 сағат 13:04

Алматыда Орталық Азиядағы толеранттылық мәселелеріне арналған Азаматтық форум өтеді

2011 жылғы 1 шілдеде Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Орталық Азиядағы толеранттылық мәселелері жөніндегі Азаматтық форум өткізеді. Ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Аталған іс-шара Азиядағы мәдениет аралық үндесуді дамыту мен тұрақтылықты нығайту жөніндегі аймақ елдерінің әріптестігін қалыптастыруға бағытталған.

Форумға қатысуға Иран, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан шетелдік сарапшылар шақырылды. Сондай-ақ форумға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның, сарапшылар қауымдастығының  өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары шақырылды.

Форумның пленарлық жиналысында Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің; Ассамблея Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың; ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Людмила Хочиеваның; Ресей халықтары Ассамблеясы Атқару комитеті Кеңесі теңтөрағасының орынбасары Николай Бухониннің;  М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Тарих факультетінің деканы, профессор Алексей Власовтың; Иран-Қазақстан ақпараттық орталығының төрағасы Халакуйеширази Мохаммадреза Хусейннің; «Пайвант» бүкіләлемдік тәжіктер кеңесінің төрағасы Исомиддина Салохиддиновтің; Татарстан халықтары Ассамблеясының төрағасы Сағит Жақсыбаевтың; республикалық этномәдени бірлестіктер басшыларының, ғалымдар мен сарапшылардың баяндамалары жоспарлануда. Қырғыз  Республикасы  Жогорку Кенеші атынан Қырғыз Республикасының депутаты Равшанбек Сабиров құттықтау сөзін оқиды.

Форум шеңберінде мына тақырыптар бойынша бағыттық пікірталастар ұйымдастырылады: «Қоғамда толеранттылық қалыптастырудағы азаматтық қоғам институттары» (модератор - саясаттануша, қоғам қайраткер Нұрлан Ерімбетов); «Толеранттылықты БАҚ арқылы насихаттау» (модератор - ҚХА тілші-сарапшылар клубының жетекшісі Ғаділбек Шалахметов); «Толеранттылық және мәдени әралуандық» (модератор т.ғ.д. Георгий Кан); «Толеранттылық - ғылыми пайымдау және тәжірибе» (модератор - саяси ғ.д. ҚХА Ғылыми сараптық кеңесінің хатшысы Наталья Калашникова).

Талқылаулар мен пікірталастар қорытындысы бойынша Азаматтық форум резолюциясы қабылданады, эносаралық қатынастарды дамыту процесстерін бірлесе зерттеуді ұйымдастыру жөнінде Орталық Азия елдерінің сарапшылары арасында келісімге қол қойылады.

Іс-шара соңында форум қатысушыларына «Самұрық» Ұлттар Театрындағы этномәдени бірлестіктер мен белгілі өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасы ұсынылады.

0 пікір