Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2994 0 пікір 28 Маусым, 2011 сағат 10:25

«Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Ислам конференциясы ұйымының рөлі»

«Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Ислам конференциясы ұйымының рөлі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелдің

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Үстіміздегі жылдың 22 маусым күні Алматы қаласы Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Лауха» ғылыми-зерттеу орталығы Қоғамдық қоры Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Ислам конференциясы ұйымының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді (Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25). Аталмыш шараға тарихшы, экономист, саясаттанушы және халықаралық қатынастар мамандары қатысып, ой бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында қазіргі қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесінің пайда болуы, даму кезеңдері, «қырғи қабақ» соғысының аяқталуы мен биполярлық жүйенің ыдырауына себеп болған мәселелер қарастырылды. Әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, халықаралық сауда-саттықта және өзара мәдени алмасуда халықаралық ұйымдардың, соның ішінде Ислам Конференциясы ұйымының рөлі мен қызметі талқыға салынды.

Дөңгелек үстелді тарих факультетінің деканы профессор Ғ.К. Кенжебаев ашып, баяндамашыларға сәт-сапар тіледі. Кіріспе сөзді «Лауха» ғылыми-зерттеу орталығы Қоғамдық қорының президенті Т.Ж. Жұманов оқып, Республикамыз Ислам конференциясы ұйымына төрағалық жасауына байланысты 2011 жыл еліміздің тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі екенін айтты. Төрағалық осы жылдың 28-30 маусым күндері сыртқы істер министрлерінің конференциясында ресми түрде берілетініне тоқталды. Сонымен қатар, «Қоғам мен билік» арасындағы әріптестік туралы сөз қозғады.

Зерттеуші З.Г. Джалилов ИКҰ-ның пайда болу тарихына тоқталып, ұйым мүше елдерін топтарға бөліп қарап, ол елдердегі саяси және әлеуметтік проблемаларды саралады. Ол өзінің баяндамасында аталған мәселелерге ғылыми баға беріп, олардың шешілу жолдарын айтты.

Модератор Ә. Ермекбаев қазіргі таңда діни сенім бойынша әлем халықтарының 20 пайызын Ислам дінін ұстанушылар құрайтынын айтып, Солтүстік Африка, Шығыс, Орталық Азиядан Батыс Еуропаға дейінгі алып кеңістікті алып жатқан Ислам елдері өзара интеграцияны дамыту мақсатында Ислам Конференциясы Ұйымының (ИКҰ) құрылғаны туралы ақпаратпен толықтырды. Дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылар бір ауыздан, ұйымның заманның жаңа талаптарына жауап беру қажеттігіне тоқталды.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі, саясаттанушы Б. Әуелбаев Қазақстанның ИКҰ төрағалық етудегі түйіткілді мәселелерді айтып, оларды шешу жолдарына тоқталды.

Пікір алмасу барысында сарапшылар арасында түрлі қөзқарастар айтылып, халықаралық қатынастар жүйесі, ИКҰ және Қазақстанның төрағалық етудегі мәселелер төңірегінде жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, Ислам конференция ұйымының атын өзгерту, исламды зерттеу орталығын құру туралы ұсыныстар айтылды.

«Алаш айнасы» қоғамдық-саяси газетінің саяси сарапшысы Қ. Меңдіғали Қазақстан мұсылман елдерінде зайырлы мемлекеттің үлгісін көрсете отырып, төрағалық жасау барысында, бүгінгі күннің сұранысына сәйкес жаханды ұсыныстар жасап отырғанын ерекше атап өтті.

Тәуелсіз зерттеуші, тарихшы Н. Сәдірбек ИКҰ-на төрағалықтан күтілетін нәтижелерге тоқталып, елімізге келетін инвестиция, мәдени ынтымақтастық туралы сараптама жасады. Мәдени ықпалдастық тақырыбындағы ойды ал-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты, мәдениеттанушы Ж.Төлен жалғастырып, Батыс пен Шығысты біріктіретін негізгі мәдени ықпалдастыққа тоқталды. ал-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанды, саясаттанушы Молдахмет Бидас ИКҰ құрылымын сараптап, өткен мен болашағына байланысты шолу жасады. Дөңгелек үстелдің екінші жартысы аяқталғаннан соң сұрақтар қойылып, оқылған баяндамалар қызу талқыға түсті.

Жалпы дөңгелек үстел барысында Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Халықаралық ұйымдар, соның ішінде ИКҰ-ның рөлі мен атқаратын қызметі айқындалып түсіндірілді, Қазақстан Республикасының ИКҰ төрағалық етудегі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени аспектілері қарастырылды.

Алматы. 22 маусым, 2011 жыл

0 пікір