Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3128 0 пікір 28 Маусым, 2011 сағат 01:03

ҚР Ақтөбе қаласы және ҚХР Қарамай қаласы арасындағы достық қарым-қатынастың орнағандығы туралы келісімге қол қойылды

ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Мега Ақтөбе» сауда-ойын сауық кешенінде Ақтөбе (Қазақстан Республикасы) және Қарамай (ҚХР,  Шыңшаң-Ұйғыр Автономиялық өлкесі ) қалалары арасындағы достық қарым-қатынастың орнағандығы туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа қала әкімі Архимед Мұхамбетов пен Қарамай қаласы мэрінің орынбасары Чжао Ушен қол қойды.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар экономика, мәдениет пен спорт, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық қарым-қатынасты дамытуды жүзеге асыруға, осы салалардағы мамандар арасындағы тәжірибе алмасу мен біліктілігін арттыруға көмектесуге міндеттелді.

Келісім ұдайы қарым-қатынасты қолдауды да көздейді. Сондықтан Қытай тарапы Ақтөбе делегациясын кез келген ыңғайлы уақытта Қарамай қаласына келуге шақырды.

0 пікір