Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 6689 17 пікір 6 Маусым, 2019 сағат 16:49

Бала тағдырымен ойнап жүргендеріне отыз жыл болды ғой...

БҒМ орынбасары Э. Суханбердиеваның 2 айға тұтқындалуына қатысты пікірлерді оқып отырып, "Басшысы орнынан кетсін, президент айтқан" дегенді бірнеше жерден байқадым. Өткенде ҰБТО қызметкерлеріне қатысты шу шыққанда да кей азаматтар осылай деп еді.

К.Шамшидинованың жазығы не? - деген ой келді. Былыққа батқандардың дені Сағадиевтің командасында болғандар. Жаңа министр келгелі солардың "қылығы" су бетіне шыға бастады. Енді "Оқулық" орталығының "ойынын" тоқтатса?! Ол, тіптен, әріден келе жатыр... "Үш тіл!" деп ұрандағанда өңеші үзіліп кете жаздаған Сағадиевтің 13 мың мүғалімді ағылшынша сайратам деп шашқан миллиардтары ше? 2018-2020 жылға деп осы үштілділікке 19 млрд теңге бөлдіріпті, онысын тағы К. Шәмшидинова тоқтатты. Шатпақ оқулықтарды сараптамаға жібертті. Осы істеріне қарап "білім саласына бірдеңе білетін адам келді-ау" деп едім.

Енді... "Тоқаев айтқан, тайып тұрсын" деген қаншалықты дұрыс болар екен. Бұрынғы былыққа бұрынғы басшы жауап беруі керек емес пе? "Сағадиевтің сойқаны Шәмшидинованы шайқады" -деп солай шеше салса Күләш ханым да жаманатты болмақ. Өзгелер жұқтырған күйе көпке дейін кетпейді.

Ең бастысы, БҒ саласына тағы бір беймәлім басшы келе қалып, лаңдауы мүмкін. Отыз жыл болды ғой бала тағдырымен ойнап жүргендеріне.

Серік Әбікеннің facebook парақшасынан

Abaiz.kz

17 пікір