Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2969 0 пікір 28 Маусым, 2011 сағат 17:54

Шәріпхан Қайсар. Ақмола облысының депутатын атып кетті

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Александр Клименконы өз үйінде белгісіз біреулер атып кеткен. Бұл жөнінде «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі Атбасар ауданының прокуроры Қайырбек Омаровқа сілтеме жасай отырып, хабар таратуда.

Депутат Александр Клименконы атқан екі адам бетпердемен үйге басып кіріп, депутаттың әйелін басынан ұрып, қол-аяғын байлап тастаған.

«Жапа шегушінің айтуынша, қылмыскерлер үйдің асты-үстін қопарып, ақша іздеп, таңғы төрт шамасында кетіпті», -  дегенді жеткізген прокурор, қылмыскерлер  марқұмның «Мазда» маркалы автокөлігін айдап кеткені туралы ақпар беріпті.

Қылмыс болған жерде тергеушілер жұмыс істеп жатқан көрінеді. Клименко депутаттықпен бірге «Клименко-1» ЖШС директоры болған.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3546