Сенбі, 19 Қыркүйек 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 107199. Жазылғандар — 101822. Қайтыс болғандар — 1671
46 - сөз 2330 12 пікір 31 Мамыр, 2019 сағат 15:36

Израиль БҰҰ-ның Бас ассамблеясына Холокост құрбандарын еске алу күнін белгілетті

Израильде Холокостты осылай еске алады. Телеарналар мен радиоларда, қала көшелеріндегі дыбыстағыштардан екі минут бойы сирена ойнайды. Халық келе жатқан жерлерінде қалт етпей тұра қалады. Көлікте келе жатса, жолдың қақ ортасында тоқтай салады. Көшеде өлі тыныштық орнайды.

Осыдан тұп-тура үш жыл бұрын АҚШ-тың еске алу күнін қалай өткізетініне куә болып таңқалғаным бар. Америка соғысты көп көрген ел. Әлемде қандай дау-жанжал болса, соның бәріне де үн қосумен келеді. Жеңіліп те көрмеген. Бірақ Жеңіс күнін атап өтпейді. Соғыста қаза тапқан сарбаздарды еске алады. Олардың әрқайсына саябақтарда бір-бір ту тігеді.

Ал біз қалай еске аламыз? Холокоста 6 млн еврейден айырылдық деп Израиль БҰҰ-ның Бас ассамблеясына Холокост құрбандарын еске алу күнін белгілетіп алды. 2005 жылы дәл сол БҰҰ арқылы Холокостты жоққа шығаруды қабыл алмайтынын заңдастырды.
Ал бас-аяғы екі-үш жылда төрт миллион xалықтан айырылып қалған біз не істедік?

Шыңғыс Мұқанның facebook парақшасынан

Abai.kz

12 пікір