Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Сүйінші! 5135 11 пікір 29 Мамыр, 2019 сағат 19:16

Семейде 45 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында болып, қырық бес көпбалалы отбасыға пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту  мақсатында облыстық тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Қарағайлық шағын ауданында салынған үйден 50 пәтер сатып алынды.  Аймақ басшысы пәтерлерді аралап, тұрғын үйлердің сапасына ризашылығын білдірді, тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтады.

«Барлық көпбалалы аналарға пәтер беру керек. Бірақ бұл үлкен мәселе бір жылдың ішінде шешілмейді. Осы жылы Семейде жыл соңына дейін тағы 30 отбасыға пәтер беріледі деген жоспар бар. Осы жылдың екінші жарты жылдығында қалада тағы 179 мың шаршы метрге үй саламыз. Бұл өз кезегінде мәселені шешуге мүмкіндік береді»,-деді Д. Ахметов.

Бүгінгі күні мемлекеттік тұрғынүй қорынан баспана алу үшін 10,5 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Оның ішінде  371-і көп балалы отбасы.

Биылғы жылы облыстың 290 көпбалалы отбасына баспана кілтін табыстау көзделуде.

Айта кету керек, соңғы  үш жылда облыста тұрғынүй құрылысы қарқынды дамуда. Өткен жылы ШҚО-да 410,5 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға берілді. Ал ағымдағы жылы 639,9 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Abai.kz

11 пікір