Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3811 0 пікір 29 Мамыр, 2019 сағат 18:20

Арал өңірі туристік орталыққа айналмақ

Арал аумағында орналасқан «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығында «Қызыл кітапқа» енгізілген аң-құстар мекен етеді. Сондықтан мұнда қорғауға алынған жануарларға арнайы питомник салынған,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Осы уақытқа дейін Арал өңірінде Біріккен Ұлттар Ұйымы арқылы 18 жоба жүзеге асырылған. Бұған 300 мың АҚШ доллары жұмсалған.

Жалпы, Арал өңіріне туристердің жиі келеді. Мұнда, Арал теңізінен бөлек, Қамбаш көлінің мөлдірлігі мен тазалығы келушілердің қызығушылығын арттыруда. Қамбаш көлінің жағажайында демалушыларға жағдай жасалған. Дегенмен, әлі де жетілдіре түсу қажет. Бұған қарамастан, мұнда тынығуға келетіндер саны көбейген. Сондықтан бұл аймақты туристік орталыққа айналдырып, жұмысын одан әрі жандандыруға ниеттелір бар.

– Қамбаш көлінің жағасын пайдаланып, жұмысын жетілдіру керек. Тек ғана демалатын орын емес, инвестиция, донорлар тартатын және түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін орынға айналуы қажет, – дейді «Барсакелмес» мемлекеттік қорығының директоры З.Әлімбетова.

Бүгінгі таңда мұнда тиісті жұмыстар басталып та кетті. Мамандар Қамбаш көлінің жағасына 4000 түп ағаш отырғызып, болашақта жасыл белдеу қалыптастырмақ.

– Теңіз тартылғалы бері «Барсакелмес» қорығының құндылығы бұрынғы қалпында сақталып қалды деу қиындау. Соған орай біз көптеген жұмыстар жасауымыз қажет. Дәл қазіргі уақытта қорықта 298 өсімдік түрі мен 256 аңның түрі мекен етеді. Бізде тек киік, антилопа ғана емес, 1950 жылдардың шамасында гепард та болған. Жалпы, қазір де сол қабыланның тұқымдарын қорыққа алып келіп, осында өсіру де жобада бар, – дейді халықаралық Аралды құтқару қоры дирекциясының директоры Болат Бекниязов.

Қамбаш көлінің жағасында 450 гектар жерге экотуризм қалашығы салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, ашық аспан астындағы зертхана бой көтермек.

Abai.kz

0 пікір