Жұма, 29 Наурыз 2024
3707 0 пікір 30 Сәуір, 2019 сағат 17:35

Биыл Кентау қаласында 300 ге жуық отбасы баспаналы болады

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы – бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазастан Халқына арнаған Үндеуі. Бұл Үндеудің мақсаты – қазастандықтардың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту. Яғни, халықтың баспанамен қамтылуы, жұмысшылардың жалақысының көбеюі, білім алудың қолжетімділігі, шағын және орта бизнеспен айналысуды мақсат еткендерді қолдау, сондай-ақ, елді газбен қамтамасыз ету сынды бес негізгі міндеті бар.

Енді Елбасы Үндеуінің бірінші бастамасына тоқталсақ. “Қазақстандағы әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру” деп аталады. Яғни, несие мөлшері 7 пайыздан аспайтын, банктердегі бастапқы жарна 20 процент болатын, 25 жылдық несие рәсімдеу арқылы Елбасының “7-20-25” деп аталатын әлеуметтік жобасына қатыса аласыз. Президент аталған жобаның халыққа тиімді болуы үшін Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктердің және қор нарығының игіліктерін пайдалану қажеттігін айтты. Ол үшін Ұлттық банк 1 триллион теңге көлемінде ақша айналымын жасайтын компания құруы қажет. Сәйкесінше, ол қаржы аталған шарттар бойынша, ипотекалық жаңа несиелер сатып алуға жұмсалмақ.

Елбасымыздың осы бастамасы өңір басшыларынан да үлкен қолдауға ие болды. Тиісінше, олар да Президент тапсырмасын орындауда қарқынды жұмыстар атқарып жатыр. Бұл қарқын жуырда ғана әкімі ауысқан Түркістан облысында да байқалады. Мәселен, өңір басышалырының жоспары бойынша алдағы таяу уақытта Түркістан облысы, Кентау қаласының 900 ге жуық отбасы тұрғын үймен қамтылмақ.

Осы жылы Кентау қаласында Елбасы тапсырмасына орай, 300 ге жуық шаңырақ баспаналы болады. Ал, келер жылы тұрғын үймен қамтылғандардың саны 900 ге жетпек. Бұл шағын қаладағы тұрғындар үшін үлкен қуаныш екені белгілі.

Тағы бір көңіл қуантарлығы -  қазіргі кезеңде Кентау шаһарындағы бес қабатты бес тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Ал, олардың әрқайсында 60 пәтерден бар. Нақтырақ айтсақ, Кентау қаласының № 9Б көшесі мен Уәлиханов көшесіндегі тұрғын үй құрылыс жұмыстары аяқталып, қазір аулаларды  абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, шаһардағы Жібек жолы көшесіндегі №41 тұрғын үйдің де жұмыстары аяқталып қалған. Сонымен қатар, № 136 А деп аталатын баспананың құрылыс нысаны толығымен аяқталған. Қазір мұнда да ауланы көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл тізімге шаһардағы Сәкен Сейфуллин атындағы көшенің №116 тұрғын үй кешені де кіреді. Мұнда қазір сыртқы сылақ жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Сонымкен қатар кентаудағы Қонаев көшесінде орналасқан №44А тұрғын үй нысаны бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта мұндағы 4 қабаттың қабырғаларын тұрғызу жұмыстары жасалып жатыр. Бұл аталмыш баспаналарда 1 бөлмелі – 15 пәтер, 2 бөлмелі – 15 пәтер, 3 бөлмелі – 30 пәтер бар.

Оған қосымша, Әлиханов көшесінен тағы 10 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Ол тұрғын үйлер 5 қабатты, 60 пәтерден тұрады. Келер жылы ел игілігіне берілетін аталмыш нысандардағы пәтер саны 600 ді құрайды. Ал, олардың жалпы ауданы – 33 470 шаршы метр болған.

Айта кетейік, Түркістан облысының Кентау қаласынада өткен жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес, 60 пәтерлі 2 тұрғын үй нысанының құрылысы жүргізілген болатын. Нәтижесінде, 120 шаңырақ қоныс тойын тойлаған. Ол тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 7294 шаршы метрді құрайтын көрінеді.

Өңірдегі осындай іргелі істер ел дамуының кепілі болатыны сөзсіз. Елбасы тапсырмасын орындауда өарқындылық танытып отырған өңір басшылары өз кезегінде халықтың да баспаналы болуға деген сенімін нығайта түскендей. Жалпы, бүгінде Елбасы тапсырмасының осындай ел иглігіне айналғаны қуантады. Бұл іс алдағы уақытта да өз бағытынан жаңылмаса дейміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3544