Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Әлеумет 5994 0 пікір 16 Мамыр, 2019 сағат 18:05

Жалағашта аудандық аурухананың іргетасы қаланды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданына аудандық аурухананың ғимараты салынады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың аталған ауданға барған сапары барысында мәлім болды.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

- Кеше облысымызға мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы жұмыс сапары келгенін бәріңіз білесіздер. Қасымжомарт Кемелұлы Сыр бойы Қазақстанның әл-ауқаты еселеп, халқымыздың бақ-берекесін арттырып отырған өңір екенін атап айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қызылорда облысындағы индустрияландыру, құрылыс жұмыстарына және кәсіпкерлік салаға өзінің оң бағасын берді. Бұл бағалау барша жұртқа ортақ. Мұнда Сіздердің осы өлкені дамытуға қосқан өлшеусіз үлестеріңіз бар.  Біз міне, бүгін Жалағаш ауданында халыққа сапалы медициналық қызмет көрсететін 100 орындық жаңа аурухана құрылысын салуды бастадық. Аудандарыңызда жаңа типтегі, заманауи құралдармен жабдықталған аурухана салу ең өзекті мәселелердің бірі еді. Біз сол мәселені шешуге мүмкіндік алып отырмыз.

Облыс басшысы өз қолымен аурухана іргетасын қаласып, жалағаштықтарды осы үлкен қуанышпен құттықтады. Жалағаш ауданы халқының басты мәселелерінің бірі оң шешілгеніне риза болған денсаулық сақтау саласының ардагері Сахи Қалыбаев облыс әкіміне алғысын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл аурухана құрылысын пайдалануға беру мерзімі 2020 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, соңғы екі жылда Қызылорда облысында ауылдық емхана мен дәрігерлік амбулатория секілді 24 денсаулық сақтау нысаны ашылған. Ол нысандардың бәрі де соңғы техникалармен жабдықталған.

Дәурен Сейітжанұлы

Abai.kz  

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516