Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қоғам 5949 8 пікір 14 Мамыр, 2019 сағат 14:02

Теледебат тікелей эфирде өтуі мүмкін

Қазақстан президенттігіне үміткерлердің теледебаты тікелей эфирде өтуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Әскербекұлы айтты. 

"Қазіргі уақта менің білуімше, теледебат өтеді. Тіпті ол тікелей эфирде өтуі мүмкін" депті Дәурен Абаев Үкімет үйінің дәлізінде тұрып.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенттігіне үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары 11 мамыр күні кешкі сағат 18:00-де басталған болатын. Ол 7 маусым түнгі сағат 00:00-де аяқталады. Ал 8 маусым үнсіздік күні. Бұл күнгі кез келген үгіт жұмысы заңсыз деп танылады. Сайлау 9 маусымға белгіленген. Дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағат ішінде бюлетендер саналып, қорытынды шығарылады.

Ал кандидаттарды тіркеу уақытынан бұрын аяқталған. Осыған дейін Орталық сайлау комиссиясы 7 адамды үміткер ретінде тіркеп, кандидат куәлігін тапсырған. Олар:

Қасым-Жомарт Тоқаев (Нұр Отан партиясынан),

Сәдібек Түгел (Ұлы Дала Қырандары ұйымынан),

Амангелді Таспихов (Кәсіподақтар федерациясынан),

Дания Еспаева (Ақ жол партиясынан),

Төлеутай Рақымбеков (Ауыл партиясынан),

Жамбыл Ахметбеков (Коммунистер партиясынан),

Әміржан Қосанов (Ұлт тағдыры қозғалысынан).

Ескерту, үміткерлердің тізімі олардың кандидаттыққа ресми тіркелу реті бойынша жазылды.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499