Жұма, 29 Наурыз 2024
«Соқыр» Фемида 14260 39 пікір 13 Мамыр, 2019 сағат 00:35

Константин Затулин: "Қазақтар өз дегенін істеуге көшті"

Қазақстан мен Беларуссияны айтқанынан шықпайтын елдер санатына қосып қойған Ресей саясаткерлері осы мемлекеттердің әр дербес қадамын өздеріне төндірген саяси қатерге балауды үйреншікті жағдайға айналдырды. РФ Мемдумасының ТМД істері бойынша комитетінің мүшесі Константин Затулин Татарстанда шығатын «Бизнес Online» медиабасылымына берген сұхбатында Елбасы кеткеннен кейінгі ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың «орыс мәселесінде» өзіндік бағыт ұстануға көшкені жайлы ой білдіріп:  «Я не думаю, что у президента Токаева есть намерение ссориться с Россией. Но Казахстан идет своим курсом. Этот курс предусматривает внутреннее переоборудование, переустройство Казахстана для того, чтобы дистанция между населением Казахстана и России увеличивалась» депті.

Затулин РФ қазаққа кеткен жерлерін дауламайды. Өйткені, қазақтар бұл мәселеде алдымызды орап, ресейшіл күштерді саяси сахнасынан мүлдем ығыстырып шығарды деп бармағын шайнай сөз етеді. Бірақ орыстан сескену факторы барлық бұрынғы одақтас республикаларда орын алып отыр деп өз ойын ортаға салады.  Ресей саясаткері одан ары: «В Казахстане за все время своей независимости очень четко следят за тем, чтобы русская община не поднимала голову. В 90-е годы это выразилось в известном Усть-Каменогорском деле» дей келе, еліміздің ҰҚК осындай істерді қолдан ұйымдастырып, 2000 жылы маусымда  «Өскемен тобының» басшысы Виктор Казимирчук пен оның тоғыз серігін 10 мен 18 жыл аралығында бас бостандығынан айырғанын күйіне еске алады.

Қазақстанда Украинадағыдай орын алуға тиісті жершілдік-жікішілдікке қатысты: «На мой взгляд, абсолютная провокация спецслужб Казахстана, которая носила превентивный характер для того, чтобы прервать любой процесс самоопределения в политическом и общественном плане для русских в Казахстане. Сегодня у русских там фактически нет национальных лидеров, все находится под прессом. Так же, как в Беларуси, история трактуется произвольно, в совершенно новом прочтении. Казахстан объявляется самой пострадавшей от советского периода республикой. Это Казахстан-то, который за годы пребывания в Советском Союзе получил промышленность, сельское хозяйство и все остальное. Еще не факт, что он был в состоянии этого добиться сам. Да и государственность республика получила в результате советского эксперимента» дейді тағы да...

Константин Затулин бұл жағдайдан шығудың жолы ретінде Орталық Азия тұрғындарына ұлттық тегіне қарамай оңды-солды РФ азаматтығын үлестіріп, орыс тілін оқимын дегендерге жедел курстар ашып, «орыс әлемінің» керегесін кеңейтуге шақырады.

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

 

39 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616