Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2277 0 пікір 15 Наурыз, 2019 сағат 17:51

Ж.Түймебаев: «Қазақстан корейлері еліміздегі ең ірі этностың біріне айналды»

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Алматыда Қазақстан корейлері қауымдастығының белсенділерімен кездесті.

Кездесуге Қазақстан корейлері қауымдастығының белсенділері, театр әртістері, ҚХА жастар ұйымдары, қоғам өкілдері қатысты.

Іс-шара Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының шығармашылық ұжымымен кездесуден басталды. Оған қатысушылар «Наурыз» мерекесіне арналған театрландырылған  қойылымды тамашалады.

Одан кейін іс-шара «Korean House» Корей үйінде Қазақстан кәрістері қауымдастығының белсенділерімен кездесумен жалғасты. Қонақтарға Қазақстан кәрістері қауымдастығының қызметі туралы С. Огай баяндап, Қазақстан кәрістері қауымдастығының 15 жылдығына орайластырып салынған мәдени орталықтың тарихымен таныстырды.

Алматы корей ұлттық орталығының қызметі туралы мол ақпарат берген Б. Шин бүгінгі күні орталық елімізде өткізілетін республикалық және халықаралық іс-шараларға белсене араласатынын айтып, мысалдар келтірді.

Кездесуге қатысушыларға 1923 жылы негізі қаланған басылым «Коре Ильбо» газетінің редакциясын К. Ким таныстырды. Өз сөзінде ол «Коре Ильбоның» Қазақстандағы ірі этностық басылымдардың бірі екеніне назар аудартты.

Жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары кездесудің мақсаты Қазақстан кәрістері қауымдастығының қызметімен танысу, алдағы кезеңде бірлесе атқарылатын жұмыстардың бағыты мен міндеттерін талқылау екенін атап көрсетті.

«Қазақстан корейлері рухтың күш-жігерінің, бірліктің, еңбек сүйгіштіктің арқасында барлық сынақтардан өтіп, елімізде тұратын ең ірі он этностың біріне айналды» - деді Ж. Түймебав.

Ол сондай-ақ, корей этносы Қазақстан халқының ажырамас бөлігі ретінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына лайықты үлес қосып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ҚХА төрағасының орынбасары Қазақстан корейлері қауымдастығының бірқатар бағыттары бойынша жұмысын жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Олардың ішінде этносқа қоғамдық сананы жаңғырту үдерісіне тарту, Жастар жылын өткізуге қатысу, жастар стартаптарын қолдау және жаңа әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыру, қайырымдылық саласындағы әлеуметтік жұмыс және көп балалы отбасыларды қолдау, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығын нығайтуға жәрдемдесу бар.

Анықтама үшін: Қазақстан корейлері қауымдастығы (ҚКҚ) Алматы қаласында 1990 жылы наурыз айында құрылды. Осы жылдары ҚКҚ материалдық-техникалық базасы қалыптасты, нақты ұйымдық құрылымы, жастар қозғалысы құрылды. 2015 жылдан бастап ҚКҚ Президенті Сергей Геннадьевич Огайдың басшылығымен шетелдік корей ұйымдарымен халықаралық интеграция бойынша жұмыс жүргізуде. Жыл сайын ҚКҚ республикалық және халықаралық ауқымдағы 20-дан астам түрлі жобалар мен бағдарламаларды өткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516