Сенбі, 20 Сәуір 2024
4074 0 пікір 30 Сәуір, 2019 сағат 10:39

Қазақстан мен Өзбекстан ортақ Silk Visa-ны дайындауға кірісіп кетті

Қазақстан мен Өзбекстан биыл ақпан айында еуропалық Шенген визасы секілді ортақ Silk Visa-ны шығаруға келіскен.

Өзбекстанның мемлекеттік туризм комитетінің төрағасы Улугбек Касимходжаев қазір ортақ визаны шығару жұмыстары жүріп жатқанынан хабардар етті. Әзірге шешімі табылмай тұрған бір мәселе - визаның құны.

«Қазақстан визасының бағасы мен біздікі екібөлек. Біз бағаны теңестіруіміз керек», – дейді Улугбек Касимходжаев.

Осыған дейін Silk Visa жобасына Қырғызстан, Тәжікстан қосылуға ниет білдірген. Ал Түркіменстан әзірге ойланып жатыр. Бұл жобаға болашақта Түркия мен Әзербайжан да кіруі мүмкін.

Сарапшылар Орталық Азия елдеріне ортақ виза жүзеге асса, аймаққа келетін туристер саны да артады деп отыр.

Abai.kz

0 пікір