Жұма, 29 Наурыз 2024
4252 10 пікір 26 Сәуір, 2019 сағат 17:21

Орталық Азия лидерлері Бейжіңде "Бір белдеу – бір жол" форумына қатысып жатыр

26 сәуірде Қытай астанасында "Бір белдеу – бір жол" форумы басталды. Оған қатысып жатқан 37 мемлекеттің ішінде Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің басшылары бар.

Шараның ашылу салтанатына Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысқан. Бұл жөнінде оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасына жазды.

Бұл форумда "Бір белдеу - бір жол" бастамасының алты жылғы жұмысына есеп беріліп, әрі қарайғы даму бағыты айқындалмақ.

Қытайды Еуропа, Африка және Азияның өзге аймақтарымен біріктіретін бұл жобаның құны - триллион доллар.

Қытайдың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба Құрама Штаттардың және Еуропа одағы елдерінің сынына іліккен. Олар Қытай бірқатар дамушы елдерді қарызға батырып отыр дейді.

2013 жылдан бері "Бір белдеу - бір жол" жобасына Қытай 90 млрд доллар қаржы бөлді. Ал Қытай банктерінің шетелдіктерге қарыз ретінде берген сомасы - 200 млрд доллар.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622