Жұма, 29 Наурыз 2024
4852 6 пікір 26 Сәуір, 2019 сағат 13:19

2021 жылы Алматы облысының барлық аудандары тегін цифрлық форматқа көшеді

2021 жылы Алматы облысының барлық аудандарында аналогтық телевизия өшіріліп, тегін цифрлық форматқа көшеді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облыстық радио-телехабар тарату дирекциясының директоры Қайсар Раздықов мәлімдеді.

Елбасы Н.Назарбаевтың  «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында жасалып жатқан жұмыстардың мақсаты - халыққа сапалы және көп арналы хабарды жеткізу.

Алматы облысында аналогтан цифрлық телевизияға  көшуге дайындық кезінде 90 РТС (радио-телевизиялық стансалары) орнатылды. Бұл РТС  саны Алматы облысының  748 елді мекенін цифрлық эфирлiк телевизиямен қамтуға мүмкіндік береді»,-деді Қ.Раздықов.

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлiк телевизияға көшу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта телехабар таратудың жердегі хабар тарату желісін цифрлық форматқа көшіру Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан және Шымкент қалаларында толығымен аяқталды.

Алматы облысында бұл процесс 2019 жылдың 30 маусымынан басталады. Бүгінгі таңда цифрлық телевизияда 10 арна болса, болашақта оның саны 30 дейін өспек. Ал, 2021 жылға дейін ел аумағында 270 радиотелевизиялық станция салынады.

Сондай-ақ, Алматы облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 4867 отбасы ұлттық сандық теледидар қызметіне қосылды.

Тағы бір артықшылығы – цифрлық хабар таратуға көшкен жағдайда радиожиіліктер де босайды. Және, цифрлық хабар таратуға көшу халықтың игілігі үшін жасалады.

Айта кету керек, заманауи цифрлық хабар тарататын құрал құны 5000 теңгеден 3500 теңгеге дейін арзандаған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616