Жұма, 29 Наурыз 2024
4406 4 пікір 25 Сәуір, 2019 сағат 10:17

Өзбекстанда шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздардың арнайы тізімін жасақтамақ

Өзбекстанда бұдан былай шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды арнайы тізімге енгізеді. Ондағы мақсат - қыздың болашақ тағдырынан хабар алып тұру.

Өзбекстан әйелдер комитеті арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесін талқылады.

Жиын барысында сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, арнайы тізім жасақталатыны да айтылды.

Осыған дейін Қытай азаматтарына тұрмысқа шыққан өзбек қыздарының азапталғаны туралы хабар тараған. Өзбекстан елшілігі ол қыздардың төлқұжатын қалпына келтіріп, еліне қайтуға көмектескен.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621