Сенбі, 20 Сәуір 2024
Саңлақ 5265 1 пікір 22 Сәуір, 2019 сағат 13:14

Алматыда өткен Азия чемпионатына қырғыздар келмей қойды

16-21 сәуір аралығында Талғар ауданы Панфилов кентіндегі атшабарда Ұлттық ат спорты түрлерінен Жастар арасында І Азия чемпионаты өтті.

Қазақстан, Ресей, Қытай, Венгрия, Монғолия, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан қатарлы 10 елден келген 200-ге жуық спортшы көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спортынан жастар арасында тұңғыш рет өтіп отырған құрық біріншілігінің жеңімпаздарын анықтады.

Жастар жылы аясында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры - 16 000 000 теңге. Турнирді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландырды.

Чемпионаттың көркін қыздырған көкпар додасы екені сөзсіз. Қазақстан құрамасының басты қарсыласы қырғыздар жарысқа келмей қалғанына қарамастан, Алатау баурайында тәп-тәуір тартысты кездесулер өтті.

Екі топқа бөлінген жеті құраманың төртеуі жартылай финалға өтіп, жүлдеге таласты. Үшінші орын үшін Өзбекстан мен Қытайдан келген көкпаршылар кездесіп, 3:2 есебімен өзбекстандықтар жеңіске жетті.

Ал ақтық сында Қазақстан құрамасы Моңғолиямен күш сынасты. Бұл ойында айқын фаворит алаң иелері моңғол даласынан келген көкпаршыларды 8:3 есебімен қиындықсыз жеңді.

Топтық кезеңде еліміздің жас көкпашылары Өзбекстанды 13:2, Ауғанстаннан келген азаматтарды 10:3 есебімен оңай ұтқан болатын. Ал моңғолиялық бауырларымыз топта Тәжікстанды 4:2, қытайлық және ресейлік көпаршыларды 5:3 есебімен жеңіп, топта үздік шықты.

Жастар арасында І Азия чемпионатының жүлдегерлері:

Көкпар:

1-орын: Қазақстан құрамасы (5 млн теңге)
2-орын: Моңғолия құрамасы (3 млн теңге)
3-орын: Өзбекстан құрамасы (1,5 млн теңге)

Теңге ілу:

1-орын: Ғалымжан Ізжанов (Қазақстан, 400 мың теңге)
2-орын: Нұрхан Елжанов (Қазақстан, 300 мың теңге)
3-орын: Жеңісбек Серік (Моңғолия, 200 мың теңге)

Жамбы ату:
1-орын: Бақдәулет Бабажан (Қазақстан,400 мың теңге)
2-орын: ЕралханАйкөз (Қазақстан, 300 мың теңге)
3-орын: ТүмэнбаярОтгонбаяр (Моңғолия, 200 мың теңге)

Аударыспақ:

50 келі:
1-орын: Аманжол Нұрбек (Қазақстан, 15.02.2000)
2-орын: Карими Масоуд (Ауғанстан)
3-орын: Акчалов Миржан (Ресей, 25.10.1997)

60 келі:
1-орын: Құралбай Ермек (Қазақстан, 03.11.2000)
2-орын: Мағай Айтхабыл (Моңғолия, 13.06.1995)
3-орын: Ансари Абдулжалил (Ауғанстан,25.08.2002)

70 келі:
1-орын: Иманғазыұлы Нармағанбет (Қазақстан, 14.08.1999)
2-орын: Солиев Мирзохид (Өзбекстан,24.02.1994)
3-орын: Сафари Нуртаза (Ауғанстан,06.09.1999)

80 келі:
1-орын: Ағабек Ғабит (Қазақстан, 09.06. 2001)
2-орын: Кувондиков Суннатилла (Өзбекстан,18.02.2002)
3-орын: Елік Өмірбек (Моңғолия,08.03.1991)

80 келіден жоғары:
1-орын: Серік Жеңісбек (Моңғолия,24.06.1994)
2-орын: Эгембердиев Сирогиддин (Тәжікстан)
3-орын: Жаналин Әділжан (Қазақстан,12.11. 1999)

Аударыспақ сайысы бойынша да әр салмақ дәрежесінде бірінші орынға – 400 мың теңге, екінші орынға – 300 мың теңге, үшінші орынға – 200 мың теңге берілді.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

1 пікір