Жұма, 29 Наурыз 2024
3953 0 пікір 28 Ақпан, 2019 сағат 14:28

«Нұр Отан» партиясының XVIII съезі - ел тарихындағы елеулі оқиға

2019 жылы ақпанның 27-ші жұлдызы Астана қаласында өткен  «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі ел тарихында жоғары бағаланары сөзсіз. Партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл съезд елдегі әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар мен көпбалалы аналардың қуанышына қанат бітірген жиналыс болды.  

Республикамыздың түкпір түкпірінен 2000-нан астам делегаттар жиналған ірі жиналыс жалпы ел халқының басты назарында болды. Дәл осы әр өңірден келген пария өкілдерінің алдында елдегі ең құрметке лайық жандар - көпбалалы аналардың көп мәселесі шешім тапты.

Аталған съезде Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Әсіресе ел халқының көңілінен шыққаны, көпбалалы аналарға жағдай жасау мақсатында қолға алынған көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын 21 мың теңгеге көтеруді тапсырды.

Елбасы елімізде 340 мыңнан астам отбасында кемінде төрт бала бар екенін, жыл сайын осы көп баласы бар отбасыларды қолдауға 500 миллиард теңге бөлінетінін айта келіп, өпбалалы отбасыларда әр балаға 21 мың теңге төлеуді тапсырды.

«Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізуіміз керек. Ал атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Аталған көмекті барынша жеңілдету керек. Халық ары-бері шапқылап жүрмесін. Сосын ондай отбасылардың табысын есептегенде басқа әлеуметтік жәрдемақыларды санауды алып тастау қажет. Әйтпесе, соның бәрін санағанда көпбалалы отбасылар бай азаматтар болып шыға келеді», - деді Назарбаев.

Елбасының осы тапсырмасын естіген көп ананың қуанышында шек болмады. Әсіресе, елдегі 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы мемлекет тарапынан жасалғалы отырған осынау көмекке қол жеткізетінін естігенде төбесі көкке жетті. Солардың бірі Шахтинск қаласында тұратын Аягүл Мұқашева ханым әлеуметтік желіде өзінің көңіл-күйімен бөлісті.

Көреген шешімге шын қуанып, шаттанған аяулы ананың жүрекжарды сөздері біздің де назарымызды аударған еді. Назарларыңызға Аягүл ханымның Елбасыға айтқан алғыс сөзінен аз үзінді ұсынамыз:

"Елбасының қойған мақсаттары мен сияқты көп балалы аналар мен жалпы халықтың әл-ауқатын көтеретіні сөзсіз. Бүгінгі съезді барша отбасымызбен ұйып тыңдадық. Көп балалы аналар мәселесі қаралып, әр балаға ай сайынғы жәрдем ақы 21 000 тенгені құрағаны қатты қуантты. Менің 5 балам бар. Бес балалы отбасы үшін 105 000 тг. өте үлкен көмек.

Бұдан басқа да халықтың әлеуетін арттыратын жаңалықтар, мақсаттар айтылды. Жастарымызды жұмыспен қамту, әр саладағы қызметкерлердің жалақысын көтеру, денсаулық сақтаудың сапасын арттыру сияқты т.б. маңызды мәселелер айтылды. Біз өте қуаныштымыз. Еліміз өркендеп, дами берсін", -дейді шын шаттанып, шын қуанған Ана.

Біз де өз тарапымыздан дәл осы қолға алынып жатқан игі шаралардың қарқынды жүзеге асуы үшін ақпараттық қолдау білдіреміз. Еліміз өркендеп, халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға жақсаратыны сөзсіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593