Жұма, 29 Наурыз 2024
4412 0 пікір 28 Ақпан, 2019 сағат 20:45

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары атқарған шараларға шолу

27 ақпан Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қаралды. Бас партияның басты жиналысында парияның аймақтардағы филиалдарында артқарылып жатқан игі істер көпшілік назарына ұсынылды.

Мәселен, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен, Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету мәселелері» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Талқылау және пікір алмасуда партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бағыттары, төтенше жағдайлар қызметінің желісі бойынша бизнеске әкімшілік кедергі келтірмеу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтылып, іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға аталмыш Департаменттің басшылығы тарапынан тиісті жауаптар алды.

Еліміздің солтүстік өңірінде осындай іс-шара іске асып жатқан, елдің ең оңтүстігінде орналасқан Мақтаарал ауданы да бас парияның үндеуіне үн қосты. Атап айқтқанда, Мақтаарал ауданында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы төрағалық етіп, партияластарын айтулы мерекемен құттықтады.

Айта кетерлігі, Партияның Мақтаарал аудандық филиалыда 1999 жылы 1 наурызда құрылған. Сол бастапқы кездегі құрылымда 12 бастауыш партия ұйымы, 720 партия мүшесі есепте тұрса, бүгінгі таңдағы бұл көрсеткіш бірнеше есе өсіп, бүгінде аудандық филиалда 14 бастауыш партия ұйымы, 4969 партия мүшесі есепте тұр. Бұл ретте партияның аудандық филиалы республикалық «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауының 7 рет жеңімпазы екенін айта кетейік.

Бас парияның басты жиналысы Батыс өңірде де өз жалғасын тапты. «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының жаңартылған тұжырымдамасына сәйкес маңызды іс-шара өткізді. Атап айтқанда, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен келісілген шаралар жоспары аясында ардагерлерге арналған «Белсенді өмір сүру орталығы» ашылды. Орталықта алты секция (Салауатты өмір салты, , құқық және психология, Қызығушылықтар бойынша клубтар, Әңгімелесу және тіл үйрену клубтары, ментор клубы) бойынша жұмыс істейтін болады.

Біз бұл материалда еліміздегі көшбасшы партия - «Нұр Отан» партиясының бір қатар аймақтардағы филиалдарының атқарған іс-шараларына тоқталдық. Елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы үшін тынбай еңбек етіп жатқан бас партиямыздың халық үшін істеген игі істері санап тауысқысыз екені сөзсіз. Біз тек кейбір өңірлердегі өзгеше шаралар төңірегінде аз-кем ақпарат бердік. Алдағы уақытта «Нұр Отан» партиясының ел дамуы үшін атқарат қызметі мың-сан екені сөзсіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2278
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596