Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
46 - сөз 13285 14 пікір 4 Сәуір, 2019 сағат 10:16

"Қарағандыдағы армяндар не болды?"

Маған көп қойылатын сұрақтың бірі "Қарағандыдағы армяндар не болды?". Жекеме жазады. Кейбір посттарымның астына пікір ретінде жазады, парақшама мені белгілеп жазады.

Әрине, туған қаламда сондай шулы дүние туындаған кезде ерікті түрде араластым. Белгілі бір дәрежеге дейін журналистік қызметімді көрсеттім. Барынша бейтарап болуға тырыстым. Оқиға ептеп басылды-ау дегеннен соң, тиісті органдар мен сол органдардың баспасөз қызметінің жұмыс сапасына сеніп, бұл мәселеге араласпаймын деген болатынмын. Біреудің (тап осы жерде Қарағанды облысы ІІД басшысы Жанатай Сембековтің зейнеттегі полковник пен сондағы басқа да қыз-жігіттердің) жұмысын соңына дейін істеп беруге қол қоймағанмын. Өзімнің отбасым, ағайын-туысым бар дегендей...

Хош, мәселеге келсек. Иә, ол мәселеге әлі нүкте қойылған жоқ. Яғни, сот болған жоқ. Тауық ұрлаған шаруа емес, кісі өлімі болған жерде істің жылдам аяқталмайтыны белгілі ғой.

Маған өткен аптада қайтыс болған баланың әкесі Бақытжан ағамыз хабарласты. "Өзің басы-қасында болдың. Құзырлы органдардың не дегенін, істі жүргізу барысынан үнемі хабар беріп тұрамыз дегенін естідің. БАҚ апта сайын мәлімет таратып отырады деген. Олардың біреуі бақайын қимылдатпай отыр. Сен мені эфирге шығар. Менің елге айтарым бар. Халық "баласын бір бөлмелі пәтерге сатып жіберген" деген жел сөз шығарды. Кездескенде бетіме тура қарап, осы рас па дегендер де бар. Осының жалған екенін айтайық. Істің барысын айтайын. Күдікті Гурурян жайлы мәліметті мүлде бермейді. Адвокатым арқылы ДВДға екі сұрау, прокуратураға 1 сұрау жібергем" деді қысқаша айтқанда. Ағамызда көптеген сұрақтар бар. Ол кезде Жаппаров Мергенбай деген ағамыз ДВДны басқарып тұрған, зейнетке шығарып жіберді ме, әлде, сол оқиға сеп болды ма ол кісі орнынан алынып қалған. Қазіргі басшылығымен менің аралас-құраластығым жоқ. Мергенбай ағамен де сол кезде танысқам. Қазіргі басшылықтың сол уәделерді неге орындамайтынына мен жауап бере алмаймын.

Фейсбукте қанша адам өтінсе де бұл шаруаға кіріспеспін деп ойлайтынмын. Әке ретінде, журналист ретінде Бақытжан ағамызды қатты түсінемін және ісінің алға жылжығанын қалаймын.

Сонымен, айтпағым мынау: Жақын күндері, Құдай қырсығынан сақтаса Рақымжан марқұмның әкесімен тікелей эфир болады парақшамда. ана аптада жасаймыз деп ойлаған едік. Аяқ асты су алған елді мекендерге кетіп қалдым.

Бақытжан ағамыздың өтінішінен кейін мен Нұрділдә Ораз ағамызға хабарласып, осы істе жеткіліксіз болып тұрған ақпараттарды қолыма алуыма септігін тигізуді сұрадым. ол кісінің тікелей тапсырмасымен Қарағанды жақ тіріліп, бізге ақпараттардың шет-жағасын ұсынды.

Ресми орган өкілдерінің сөзінше басты күдікті Нарек Гурурян елге әлі әкелінбеген. Басқа елдің азаматы болғандықтан қағаз мәселелері ұзақ ресімделелі-міс. Марқұмның әкесінің алаңдауының бір себебі осы.

Айсұлтан Жақыптың facebook парақшасынан

Abai.kz

14 пікір