Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 3150 23 пікір 4 Сәуір, 2019 сағат 09:36

Қасым-Жомарт Кемелұлын қарсы алу рәсімі протоколға сай өткен

Ресейде Қазақстан президентін дұрыс күтіп алмады, менсінбеді,- деп жатырмыз. Анығында қарсы алу рәсімі протоколға сай өткен.

Қасым-Жомарт Кемелұлын ресми сапар құжатына сәйкес Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин, Ресейдің сыртқы істер министрлігі протокол департаментінің жетекшісі Игорь Богдашев, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов және Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин күтіп алған. Құрметті қарауыл тік тұрып қарсы алды, екі елдің әнұраны ойналды. Бұл мемлекеттік емес ресми кездесу.

Мемлекеттік кездесу болса да протоколға сәйкес президентті үкімет жетекшісінің орынбасары қарсы алушы еді.

Мәселен 2017 жылы Қытай басшысы Ши Жинпинді Мәскеуде дәл осы тәртіппен қарсы алған.

Кезінде Путин Астанаға келгенде, оны елорда әкімінің орынбасары қарсы алыпты. Ондай да жағдай болған. Оған ренжіген Путин жоқ.

Сондықтан білмей жатып сөзге ермейік. Әр нәрседен кір іздеп, өзімізді төмендетпейік. 

Мәди Манатбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

23 пікір