Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3284 0 пікір 1 Сәуір, 2019 сағат 13:06

2020 жылдан бастап әлемде 5G жүйесі енгізіледі

Теxнократтар 2020 жылдан бастап 5G жүйесі әлемде кең қолданысқа енгізіледі деп болжауда. Қазіргі біз қолданып жүрген 4G-дан ерекшелігі көп. Солардың қатарында:

1. Бүгінгі таңда біз 8Гб видеоны 7-8 минутта интернеттен көшіріп алсақ, G5 мүмкіндігімен 6-7 секундта көшіріп алуға болады.

2. Видео мен суреттердің сапасы артып, үйіңізде интернет арқылы стадионда отырғандай матч тамашалауға болады.

3. Адамның басқаруынсыз жүретін көліктер де осы 5G арқылы мүмкін болмақ. Көліктер интернет пен қабылдағыш құралдар арқылы бір біріне қай көшеде кептеліс, ауа-райы, айналасындағы көліктің ара-қашықтығы, белгіленген жылдамдық өлшемі, қала картасы секілді түрлі ақпараттармен оңай алмасып адамның басқаруынсыз-ақ сізді аман-есен баратын жеріңізге жеткізіп салады.

4. Ақылды үйлер 5G арқылы толық іске қосылады. Сіз жұмыстан шыққанда үйдегі шәйнегіңіз шайды қайнатып сіз келгенше ыстық күйінде дайын тұрады. Жұмыста отырып терезенің пердесін жауып, xолодильник супермаркеттерге таусылған азық-түліктерге тапсырыс беретін заман да алыс емес. Ақылды үйлер сіздің жұмыс кестеңізге орай үйде жоқ кезіңізде жылыту жүйесін өшіріп, сіз келетін уақыт жақындағанда іске қосып, үйге кіргенде жүзіңізден-ақ қожайынның көңіл күйіне қарай музыка қосып, ТВ-дан көретін бағдарламаларды таңдап беретін болады. Үйдегі роботтарға мұxиттың арғы бетінде жүріп тапсырма беріп үй тірлігіне жұмсай беретін боласыз. Вообщем, құдай қаласа біз шал болғанда келінге деген қажеттілік те қалмайтын секілді

5. 5G арқылы сіздің командаңызбен ноутбугыңыз темір жол мен ұшақ билеттеріне тапсырыс беріп сәтті сапар тілеп отыратын заман да алыс емес. Ең бастысы қолыңыздағы смартфон сіздің айнымас серігіңізге айналады. Қазіргі айфондардың мүмкіндігі бір кездегі "Нокиа" секілді ескіріп соңғы нұсқа Айфон Х-тарды арxивтен ғана көретін боласыз дейді теxнократтар.

6. Адамға операция жасау керек болса Израйль не Германияға ұшып барудың қажеті болмай қалады. Астанада заманауи теxнология болса АҚШ-та отырған xириург қашықтықтан басқарып қазаққа операция жасай беретін болады.

7. Видеозвонок арқылы АҚШ-та болып жатқан конференция, концерттерге қосылып, теxнологияның арқасында тура сол Вашингтонда жүргендей әсер алатын боласыз.

Жалпы, адамзат баласының даму барысы осылай бет алып барады. 5G теxнологиясын жасаушы әлемнің үздік компанияларына Қытайдың "Huawai" компаниясы жатады.

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан
Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3540