Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3037 0 пікір 1 Маусым, 2011 сағат 05:34

Ратко Младич Сербиядан Гаагаға экстрадицияланды

АСТАНА. 1 маусым.  ҚазАқпарат - Сербияның  әділет  министрі Снежана Малович     ханым  Серб  Республикасы  армиясының бұрынғы қолбасшысы   Ратко Младичты  Гаагаға  экстрадициялау  туралы шешімге  қол қойды, деп   хабарлайды РБК агенттігі.

"Белградта  өткен   баспасөз мәслихатында министр  ханым «экстрадиция  үдерісі  басталып  та кеткенін»   мәлім етті", -  деп   хабарлады   Би-Би-Си телекомпаниясы.

С.Малович  ханым  сондай-ақ   Р.Младичке  әділ соттан  жасырынуға  көмектескендердің бәрі  анықталып,  жауапқа тартылатынын   мәлім   жеткізді.

Associated Press  агенттігі   Р.Младич мінген  ұшақтың  дәл осы сағаттарда   Голландияға барып  қонғанын хабарлап отыр.      Бұрынғы Югославияның ісі  бойынша  халықаралық  трибуналдың штаб-пәтері   осы елде  орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік,  серб  полициясы Р.Младичті  2011 жылы 26    мамырда   тұтқындаған  болатын.     Халықаралық  сот   оны  1992-1995 жылдары  Босния соғысы  кезінде  этникалық     қырулар  ұйымдастырды  деп айыптап отыр.

0 пікір