Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4420 0 пікір 29 Наурыз, 2019 сағат 13:16

Аспаннан әкім "жауған" күн

Кешеден бері әлеуметтік желілерге әкімдер "жауған" күн болды. Фейсбукті ашып қалсам қаздай тізілген әкімдер жұртқа достық ұсынып отыр. Бұған күні кеше Президент Қ.Тоқаевтың әкімдер әлеуметтік желілерде белсенді болуы қажеттігі туралы тапсырмасы үлкен әсер еткені анық. Кейде халық бір бөлек, әкімдер бір бөлек өмір сүретін сияқты көрінуші еді. Енді Президент тапсырмасының арқасында әкімдер халықпен дос болып, 24 сағат бойы халықтың жағдайынан хабардар болып отыратын болады.

Әрине, парақшаларын өздері жүргізіп, өздері жауап беріп отырса. Олай болмағанда бұл тағы бір көзалдауға айналады. Бұл орайда әкімдерді, жалпы мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік желіде дұрыс жұмыс істей білу мәдениеті мен технологиясына үйрету керек. Бұны әуелі Баспасөз хатшыларынан бастау қажет. Осы тұста мені таңқалдырған және қантқан бір жағдайды айтайын. Қуаныштысы сол, Президент әкімдер мен құзырлы орган басшыларына әлеуметтік желіде белсенді болуға тапсырма берген сәтте Президент жанындағы Басқару академиясы еліміздің барлық министрліктері мен құзырлы органдарының, әкімшіліктердің баспасөз хатшыларымен осы мәселе бойынша оқыту, дайындау жұмысын бастап та жіберді. Еліміздегі министлер мен құзырлы органдардың, әкімшіліктердің Баспасөз қызметі жетекшілерін жинап, 3 күндік семминар өткізді.

Академияға жиналған Баспасөз қызметі жетекшілеріне ең танымал пиар- менеджерлер мен халықаралық дәрежедегі тренерлер дәріс оқуда. Түсінгеніміз Алик Шпекбаев басқаратын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі үлкен жұмыстар атқарып жатыр екен. Бұл туралы бізге Академия ректоры Фатима Жақыпова әңгімелеп берді. Баспасөз хатшылары да БАҚ- пен және әлеуметтік желімен жұмыс жасаудағы кедергілер мен кемшіліктер туралы ашық айтып, ұсыныстар берді. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлерге смартфонды қайтару, мемлекеттік тілдегі семминарларды көбейту мәселелері де бар.

...Сонымен, әкімдер достық ұсынды, олар әлеуметтік желілерде халықпен аяғына дейін емен- жарқын мұңдаса алатын, ештеңені жасырмайтын, ақжүрек адал дос бола ала ма, жоқ халықтың сұрағы көбейгенде акаунтын тарс жауып, тұра қаша ма, оны уақыт көрсетеді. Алайда әкімдер бұл шаруаның Президент Қ.Тоқаевтың бақылауында екенін естен шығармайды деп сенемін.

Әділбек Қабаның facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3545