Жұма, 29 Наурыз 2024
3456 0 пікір 28 Наурыз, 2019 сағат 14:55

Тегін дәрі-дәрмек жөніндегі байланыс орталығына ұялы телефон арқылы қоңырау шалуға болады

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі байланыс орталығы 1439 қысқа нөмірі бойынша қалалық және де ұялы телефондар үшін қолжетімді болды.

Байланыс орталығының операторлары жүгінген пациенттерге тегін берілетін қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі мен күні туралы ақпарат береді. Байланыс орталығының операторлары әрбір шағымды егжей-тегжейлі талдайды, дәрі-дәрмек алуда іркіліс себептерін анықтайды, ал Бірыңғай дистрибьютордың өңірлік өкілдері медициналық ұйымдармен бірлесіп, дәріханаларға қажетті препараттарды жедел жеткізуді ұйымдастырады.

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, байланыс орталығы іске қосылған сәттен бастап 1439 қысқа нөміріне 10 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, оның ішінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 5 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.

«Байланыс орталығының операторлары дәрі-дәрмектердің түсу мерзімі туралы ақпарат беріп қана қоймай, сондай-ақ, тіпті егер емхананың өзі қандай да бір себеппен дәрі-дәрмектің көлеміне тапсырыс бермесе немесе  жеткіліксіз  тапсырыс берсе де, өтінімді қалыптастыру және тез арада жеткізуді ұйымдастыру мәселесін шешу үшін бірден іркілістер байқалатын медициналық ұйыммен байланысады», - деп түсіндірді Берік Шәріп.

Бірыңғай дистрибьютор басшысының айтуынша, аймақтық өкілдер мәселенің шешілгені туралы байланыс орталығын хабардар еткеннен кейін және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде препараттардың босатылуы көрсетілсе де, байланыс орталығының операторлары пациенттің дәрі-дәрмекті алғанын мониторинг жасау үшін  қайтадан байланысады.

«Біз үшін әрбір препараттың өз пациентіне жетуі және қазақстандықтардың ТМККК шеңберінде өздеріне тиесілі барлық дәрі-дәрмектерге еркін қол жеткізуі маңызды, сондықтан халықпен кері байланысқа көп көңіл бөлеміз», - деп атап өтті Берік Шәріп.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3555