Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3164 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 07:25

БҚО әкімінің пайымынша, ақбөкеннің қырылуына шөптен улану да себеп болуы мүмкін

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің пайымынша, өңірде 400-ден астам ақбөкеннің қырылуына шөптен улану да себеп болуы мүмкін.

Бұндай жорамалды ол бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында айтты.

Оның атап өтуінше, соңғы деректер бойынша 360 ақбөкен аналығының және 82 лағының өлексесі табылған. «Қазіргі уақытта бізде пастереллез ауруы болуы мүмкін деген ой қалыптасты. Дегенмен флорадан, яғни шөптен де улану ықтималдығы жоғары», - деді ол.

Қазіргі уақытта киіктердің қырылуына не себеп болғандығын қазақстандық-ресейлік ғалымдар зерттеп жатқандығын айта келе: «Біз зертханалық зерттеу арқылы себебін анықтағымыз келеді. Өткен жылы пастереллез себеп болғандығын дәлелдеген еді. Ағымдағы жылы да алғашқы зерттеу жұмыстары пастереллездің себеп болғандығын нақтылайды. Дегенмен барлық белгілер улануға да ұқсайды», - деді облыс басшысы.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы А.Мамытбеков аталған өңірде 11920 киіктің қырылып қалғандығын еске сала келе: «Негізінен олар бір күнде, төлдегеннен кейін өлген», - деді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Батыс Қазақстан облысының Қазталов және Жәнібек аудандарында 18-24 мамыр аралығында 12 мың бас киік өлген болатын. Ал 2009 жылдың  санағы бойынша Қазақстан аумағында 81 мың бас киік бар. Бұл жануарлардың жаппай қырылуы бірінші рет кездесіп отырған жоқ. 2009 жылы да  олардың өлім-жітімі болған. Ал ең көп киік өлімі 1984 жылы ақпан-сәуір айларында орын алған. Онда 250 мың бас, 1981 жылы Торғай облысында 180 мың бас, 1988 жылы мамыр айында 500 мың бас жануар өлген. Комиссияның қорытындысы бойынша, олардың жаппай қырылуына барлық кезде  пастереллез ауруы себеп болған.

_

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565