Дүйсенбі, 26 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110402. Жазылғандар — 105618. Қайтыс болғандар — 1796
Жаңалықтар 1685 0 пікір 31 Мамыр, 2011 сағат 04:06

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Carbon Limits AS компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мен Carbon Limits AS компаниясының (Норвегия) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қол қою рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры Алик Айдарбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры  Нұрлан Сиражев, Норвегия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Даг М. Халворсен, Carbon Limits басқарушы директоры Торлиф Хаугланд қатысты.

Құжаттың негізгі мақсаты климаттың өзгеруі және мұнай-газ саласына жататын көміртекті жобаларды басқару стратегиялары мәселелері бойынша ынтымақтастық үшін негіз жасау болып табылады. Меморандум аясында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мен Carbon Limits AS компаниясы белгілі бір уағдаластықтарға қол жеткізді.

Мысалға, Carbon Limits AS әлеуетті көміртегі жобаларын іріктейді, ол парникті газдардың (ПК) ауаға тарауын қысқартуға  мүмкіндік жасайды және Киот хаттамасына сәйкес көміртегі кредиттерінен кіріс алу үшін тиісті өлшемдер ретінде бағаланады. Әлеуетті көміртегі жобалары бойынша идеялардың тиісті Тұжырымдамаларына дайындық және экспорт шарттарын бағалау да жүргізілетін болады.

«ҚМГ» ҰК өз тарапынан жоба идеяларын халықаралық ережелерге сәйкес Тұжырымдамаға талдау жасау және оны әзірлеу туралы ақпарат беретін болады.

- Менің ойымша, жаһандық мұнай рыногында мұнай-газ компаниялары үшін парникті газдардың ауаға тарауын азайту жөнінде оңтайлы шешім табу мәселелерін қарастыру және қаржы ресурстарын пайдалану мүмкіндіктерін  іздестіру  өте қызықты болмақ. Норвегиялық әріптестеріміздің тәжірибесі алдағы уақытта Қазақстанда парникті газдың ауаға тарауына квота енгізуге дайындық кезінде пайдалы болмақ,- деп атап көрсетті  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры Алик Айдарбаев.

- Климаттың өзгеруін жұмсарту саясаты  мұнай-газ саласынан парникті газдың ауаға тарауын азайтуды талап етеді. Бұл мұнай-газ саласы компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктермен қатар қосымша жауапкершілікті де талап етеді, - деді  Carbon Limits-тің басқарушы директоры Торлиф Хаугланд.

Анықтама үшін:

Мемлекетаралық сарапшылар тобы (МСТ) есебінің негізінде 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының климатты өзгерту жөніндегі Негізгі Конвенциясы қабылданды. (БҰҰ КӨНК).

Қазақстан БҰҰ-ның  климатты өзгерту жөніндегі Негізгі Конвенциясын 1995 жылдың мамыр айында бекітті, ал сол жылдың тамыз айында бұл құжат Қазақстан үшін күшіне енді.

Конвенцияға байланысты міндеттемелердің орындалуы жөніндегі  белсенді шаралардың нәтижелілігін арттыру және  дамыған елдердің міндеттемелерін күшейту  мақсатында  1997 жылы Киот хаттамасы қабылданды, осыған орай  2008-2012 жылдарда өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің парникті газдарының (ПГ) ауаға жиынтықты түрде тарауын 1990  жылмен салыстырғанда,  кем дегенде 5% азайтуы қажет.

1998 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының климатты өзгерту жөніндегі Негізгі Конвенциясының Төртінші Конференциясында  Қазақстан Конвенция және Киот хаттамасы  жөніндегі қызметке белсенді қатысуға ынталы екендігі  туралы жариялады.

Қазақстан Киот хаттамасына  1999 жылдың 12 наурызында қол қойып, 2009 жылдың 26 наурызында бекітті.

2000 жылы ҚР Сыртқы Істер Министрлігі Қазақстанның парникті газдардың ауаға тарауын азайту жөнінде ерікті міндеттеме қабылдау туралы ниетін білдірген нотаны БҰҰ-ның бас хатшысына жолдады.

0 пікір