Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Ресми жауап 4892 10 пікір 27 Наурыз, 2019 сағат 12:21

Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілерде аккаунттары жоқ болып шықты

Күні кеше ғана Abai.kz ақпараттық порталында "Дариға Нұрсұлтанқызын арандатушыға қимаймыз" атты мақала жарияланған еді. Онда Сенат спикері Дариға Назарбаеваның атына ашылған "твиттер" желісіндегі парақшаның шала сауатты шимай-шатпақтары туралы сөз болған.

Бүгін Сенаттың баспасөзі аталған мәселеге қатысты екі ауыз сөзбен пікір білдірді.

"Бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына байланысты Сенаттың баспасөз қызметі Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде аккаунттары жоқ екенін хабарлайды. Сенат басшысы аккаунт ашқан жағдайда олар тексеріледі және ресми түрде хабарланатын болады", – дейді Сенат баспасөзі.

 

Abai.kz

10 пікір