Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
3135 0 пікір 27 Наурыз, 2019 сағат 10:22

Дариға Назарбаева сенат спикері ретінде алғашқы отырысын өткізді

Қазақстан сенатының жаңа спикері Дариға Назарбаева 26 наурызда бюро отырысын өткізді. Онда мәжілістен түскен 2019–2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы қаралған.

Парламент сенатының ресми сайтында Назарбаева 4 сәуірде қаралатын республикалық бюджетке өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасына аса мән берді деп атап өтілген.

Дариға Назарбаева - 19 наурызда мерзімінен бұрын отставкаға кеткен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы. Ол 20 наурызда Қазақстан парламенті сенатының төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасын уақытша президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

Сенат депутаттары Назарбаеваның кандидатурасын бір ауыздан қолдады. Депутаттар сонымен бірге Тоқаев ұсынған Астананың атауын экс-президенттің құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгерту жөніндегі ұсынысын да толықтай қолдады.

Abai.kz

0 пікір