Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3290 0 пікір 30 Мамыр, 2011 сағат 11:09

Нариман Мәжитұлы. Ұлттық жоба – «Алашорда»

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің назарына!

Иә. Тап солай. Индустриялық-инновациялық жобалардан ешбір кем емес, Ел болып атқарар ұлттық жоба. Қолыма қалам алуға түрткі болған Тұрсын Жұртбайдың «Жұлдыз» журналында жарық көріп жатқан «Ұраным-Алаш» атты тарихи зерттеу еңбегі.

Қазіргі кезде қазақ мүддесі тұрғысында есе түгендеп жатқан екі адам болса, соның бірі - Тұрсын Жұртбай. Оған дәлел жоғарыда аталған зерттеу еңбегі. Оқып шықсаңыз көзіңіз жетеді.

«Ұраным-Алашты» оқып шыққаннан кейін жаным маза таппай, көңілім алабұртып тынышсыз күй кешудемін. Құдды бір сол дәуірге түсіп кеткендей боласың.

Менің бұл жердегі айтпақ ойым - қазақ халқының тарихындағы «Алтын белес» сонымен қатар «Үлкен қасірет кезеңі» деуге болатын Алашорданың тарихын қазіргі жас буын қалай түсінуде, қабылдауда сол жөнінде. Бұл еңбектің ерекшелігі архивте жатқан «қылмыстық істердің» тергеу деректеріне сүйенгендігінде. Тарихи шындыққа жанасуында. Сол кездегі Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын сынды көсемдер бастаған тұтас бір буынның қазақ халқының тағдырына ара түсулері, жанкешті тірліктері ойыңды небір тұңғиықтарға жетелеп, сезіміңді жаниды.

Әруақтарынан айналайын азаматтар елді сүюдің ұлы үлгісін көрсетіп кетті ғой. Олар сол замандағы демократиялық ағымның бастауы бола білді. Тек өкініштісі оны бүгінгі қолында қауқары бар азаматтар қаперіне ілмейді.

Келесі жылы Алашорда қайраткерлері өле-өлгенше армандап, сол армандарын көкке жұлдыз ғып қадап кеткен - тәуелсіздіктің 20-жылдығы. Кейде налисың, бүгінгі тәуелсіздікті сол алаш арыстары бастан кешкенде әлемде теңдесі жоқ мемлекет салатанат құрар ма еді деп. Әйткенмен ғажайып болмайды. Бәрі де қажырлы еңбекті, табанды күресті талап етеді.

Жерінің асты мен үсті қазыналы байлыққа толы қазақ халқының бүгінде неге жігері жасыған, қайраты мұқалған. Меніңше себеп, біздің санамызды діңкелетіп тастаған құлдық психологияда. Ол әсіресе ел тағдырына қатысты шешім қабылдауға өкілетті елағаларынан қатты байқалады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері рухани тұрғыда отарсыздану (деколонизация) үдерісі жүргізілген жоқ. Екі ғасырдан астам уақыт орыстың отарында болған қазақ үшін бұл кезек күттірмейтін, шапшаң қолға алатын шаруа еді. Уақыт болса өтіп жатыр. Ал сол қазақ қоғамының дамуына тежегіш болып отырған құлдық психологияға қарсы бірден бір ем - ол кеңінен насихатталуы тиіс Алашорда тарихы. Ұлттық жоба деп отырғаным да сондықтан. Бұл үкіметтік тұрғыда қаулы қабылданып, нәтижесі әрбір елді мекендегі әр адамның көңілінен орын табуы тиіс шаруа. Нақтырақ айтсақ, мектептің, жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік бағдарламаларына Алаштану пәні енгізіліп, міндеттелгені абзал. Мұндай жауапты, күрделі шаруаға К. Нұрпейіс, М. Қойгелді, Т.Жұртбай, С. Аққұлұлы сынды алаштанушы ғалымдарды тартуға болады. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген қасиетті ұғым бар емес пе. Бүгінгі аласапыран заманда, елдің есесін көптеп жіберіп жатсақ, олардың аруағы қайдан риза болмақ.

Кезінде XX-ғасырдың 20-жылдары Әлихан, Ахмет, Әлімхан сынды азаматтар елі үшін сауға сұрап, Ленин, Сталиндермен тең дәрежеде келіссөздер жүргізіп, табандылық танытпағанда бізге РСФСР-дің құрамында автономия да бұйырмас еді. Әрі кеткенде бүгінде біз Татарстан, Башқұртстан сияқты Ресейдің құшағында булығып жатар ма едік. Сондықтан бүгінгі азат күніміз үшін біз ең бірінші Алашорда қайраткерлеріне бас иіп тағзым етуге міндеттіміз. Тарихқа қиянат жасауға болмайды.

«Ұраным-Алаш» еңбегінен көргеніміздей Ә. Бөкейханның 1926-жылғы Қазақстандағы шаруаларға тиесілі жер нормасын анықтау жөніндегі профессор Швецов басқарған экспедицияға қатысып, дұрыс есептеулер жүргізіп, Қазақстанда артық жер телімі жоқ екендігін дәлелдеп, соны экспедицияның қортынды есебіне енгізуі, сол жылдары ішкі Ресейден қазақ жеріне 360 мың қарашекпенділердің жөн-жосықсыз қоныс аударуына тосқауыл болғанын көпшілік білмейді. Тарихтағы мұндай елдік үшін жасалған ерлік істерді әрбір қазақ жадында ұстауға міндетті деп санаймын.

Бүгінде романтиканы қойып, нақты прагматикалық есептерге жүгінген қазақ мүддесіне жауап беретін шаруалармен айналысатын мезгіл жетті. Сондықтан Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы көпсериялы, сапалы «Алашорда» көркем фильмін түсірсе құба-құп. Ол тек «Көшпенділер» мен «Мұстафа Шоқайдың» кебін кимесе болғаны.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Алашорда» атты тарихи деректерге сүйенген жүйелі, сол дәуірді тұтасымен қамтитын деректі фильм түсіріп, халық назарына ұсынса, шексіз алғысқа бөленері хақ.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Ұраным - Алаш» зерттеу еңбегін кем дегенде 50 мың дана таралыммен басып шығарып, күллі елге таратып жіберу керек. Ол әр қазақ отбасының төрінде «Құранмен» қатар тұрып, оқылып, оларға рухани күш-қуат беретін құралға айналса, рухымыз мықты болатынына мен кәміл сенемін.

Ендігі бір қолға алатын шаруа Астананың төрінде алаш арыстарының мүсіндері орнатылған «Алашорда» аллеясын ашу. Осы кезде ғана елорда әрбір қазақтың жүрегінен орын алатын қасиетті мекенге айналмақ.

Міне осындай бір тізбекті ірі-ірі шаруаларды қолға алсақ қана, яғни «Алашорда» ұғымы әрбір қазақ үшін қастерлі ұғымға, біріктіруші факторға айналғанда  біз санамызды жаңғыртып, елдік санаға жол ашамыз.

Азаттықтың отын өшіріп алмай сонау Абайдан аманаттап алған Әлихандар мен Ахметтер, оны Мұхтарлар мен Қаныштарға табыстапты, олар өз кезегінде оны Мұхтарлар мен Рымғалиларға ұстатқан, содан ол от Тұрсындар мен Дидарлар арқылы бүгінгі күнге, бізге жетіп отыр.

Біз дегеніміз - алғашқы мүшелді тәуелсіздікпен өлшеген ұрпақ. Ендеше әлемде су тасып, дауыл көтеріліп жатқанда сол отты сөндіріп алмау бізге серт.

Нариман Мәжитұлы

Қарағанды қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576