Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3338 0 пікір 26 Наурыз, 2019 сағат 16:09

Жаңадан шыққан Apple Card-ты қабыл алыңыздар!

Жаңадан шығып жатқан Apple Card-ты қабыл алыңыздар. Қызмет көрсету тегін. Apple Wallet әпликейшны арқылы виртуал картаны іске қосып, Apple Pay арқылы төлейтін кез келген жерде төлем жасай аласыз.

Әпликейншде қай жерде қанша жұмсадың, қандай тауарға жұмсадың, бәрінің статистикасын шығарып отырады. Apple Card арқылы Apple компаниясының дүкендері мен сервистерінен сауда жасасаңыз, 3% кэшбек, ал басқа саудадан 2% кэшбек күнделікті түсіп тұрады.

Apple Card-тың қолға ұстайтын титаннан жасалған карточкасы да болады. Онда 16 нөмір, CVV код, жарамдылық мерзімі болмайды, тек қана карта иесінің аты-жөні жазылады. Бұл картада әр төлемнен 1% кэшбек өзіңізге қайтады.

Apple Card әзірге тек АҚШ-та жазда іске қосылады. Басқа елдерге, соның ішінде Қазақстанға келесі жылы келіп қалар. Бұл жаңалықтың өзі біздің Kaspi, Halyk банктері меен басқа да төлем жүйелері үшін ойланатын жәйт...

Нұрлан Жанайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір