Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3055 0 пікір 30 Мамыр, 2011 сағат 05:58

«ҚазТрансОйл» АҚ су тасқынынан зардап шеккен батысқазақстандықтарға 1,19 млрд. астам теңгенің көмегін көрсетті

ОРАЛ. 30 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «ҚазТрансОйл» АҚ су тасқынынан зардап шеккен батысқазақстандықтарға 1,19 млрд. астам теңгенің көмегін көрсетті.

Компанияның қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Серік Ақбергеновтің сөзіне қарағанда, «ҚазТрансОйл» АҚ арнайы қорға 1 млрд. теңге аударды. Бұдан басқа еліміздің түрлі облыстарында еңбек ететін компания қызметкерлері (7 мыңнан астам) 19,2 млн. теңгеге жуық қаржыны жинап берді.

Су тасқыны кезінде де «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Орал мұнай құбыры басқармасының жиырмадан астам қызметкері апатқа қарсы тұрды. Басқарма бөлген 19 техника суды сору, дамбаны бекіту, электр желісін қалпына келтіру жұмысына белсене қатысты.

Өткен жылы компания қызметкерлері қызылағаштықтарға 20 млн. астам теңгенің жәрдемін берген болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584