Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3844 0 пікір 30 Мамыр, 2011 сағат 05:58

«Алматы-Шымкент» бағытындағы пойыз алғашқы сапарына аттанды

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Жексенбі күні «Алматы-2» стансасынан аса жайлы «Алматы-Шымкент» бағытындағы пойыздың алғашқы құрамы сапарға аттанды.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан хабарлады.

Вагондардың жайлылығын арттыру «Ырысты - АЭВРЗ» АҚ-ның өндірістік базасында жүзеге асырылды. Пойыз құрамы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес  компаниясы) вагондарынан құралды. Вагондардың экстерьері мен интерьерін дайындауда замануи материалдар қолданылды. Олардың төбесі шыны пластикпен жабылды, ішкі есіктері «айна пластигімен» қапталып, ішкі фурнитура жаңартылды (газет салғыштар, ілгіштер, шалбар ұстағыштар). Терезелерге ролл-перделер орнатылып, еден жабындары ауыстырылды сонымен қатар, тоңазытқыштар мен қысқа толқынды пештер де бар.

Жатын вагондардың әр купесінде видео көруге арналған кешендер орнатылған. Пойыз үш типті (ЖВ, купе және плацкарт) вагондардан жасақталған, жолаушылар мейрамхана-вагонда әзірленетін түскі және кешкі астарды өз купесіне тапсырыс арқылы алдырта алады. №11/12-ші «Отырар» пойызының жолда болу уақыты - 13 сағат 42 минут. Жүру жиілігі - күнделікті.

Ағымдағы жылдың соңына дейін  «Алматы-Шымкент» бағытындағы №11/12 «Отырар» пойызының екінші құрамының да жайлылық деңгейі арттырылатын болады.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясынан анықтағандай, қазіргі уақытта осыған ұқсас жұмыстар «Алматы-Атырау» және «Алматы-Ақтөбе» бағыттарындағы пойыздарда жүргізілуде.

0 пікір