Жұма, 29 Наурыз 2024
Анық 5209 3 пікір 21 Наурыз, 2019 сағат 16:21

Әбілқайыр хан, Төле би, Абай атаулары өзгертілмейтін болды

20 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың атауын Нұрсұлтан қаласы деп өзгеретуді және облыстық қалалардың басты көшелерін - Нұрсұлтан Назарбаев деп атауды ұсынған болатын.

Осы ұсынысқа үн қосқан бірқатар облыс, қала Елбасының есімі берілетін орталық көшелердің тізімін ұсынды. Өкініштісі, аталған тізімде Ұлы Абай атындағы, Төле би, Әбілқайыр хан атындағы көшелер де бар екен.

Кешеден бері ұлы тұлғалардың есімін өзгертуге наразылық білдіргендер аз болған жоқ. Ел халқы ұлтымыздың ұлылары атындағы көшелердің атауын өзгертпеуді сұрады. Қоғамда қызу талқыланған осы оқиғаға байланысты бүгін ресми ақпарат жарияланды. Онда Әбілқайыр хан, Төле би, Абай атаулары өзгертілмейтіні айтылған.

2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның отырысы болып өтті, онда бірқатар жергілікті мәслихаттардың облыстық қалалардың орталық көшелерін қайта атау туралы шешімдері қаралды.

Атап айтқанда, Комиссия бірқатар облыс орталықтарының көшелерін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың құрметіне қайта атау туралы шешімдері қолдау тапты.

Сонымен бірге, Республикалық ономастикалық комиссия Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбылоблыстарының әкімшілік орталықтарындағы қайта атау үшін ұсынылған көшелерді өзге объектілер мен көшелерді анықтай отырып, қайта қарауды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 наурыз күні ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев заманымыздың ұлы тұлғасы және тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Қазақстанның ірі қалаларының орталық көшелерін қайта атау жолымен мәңгілік есте қалдыруды ұсынған болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3592