Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3881 0 пікір 30 Мамыр, 2011 сағат 05:42

Жарқынбек Сейтінбетұлы. Мектептердегі рухани азғындық

Міне, тағы бір оқу жылын артқа тастадық. Мектеп бітірген жастармызға Алла алдынан жарылқап, мақсаттарына жетіп, бақытты, жақсы өмір сүрулеріне тілектеспіз. Алда УБТ тұр. Тек экзамен өткен жылдардағыдай болмай, жастармыз жолдарын таза бастаса дейміз. Бәрімізді білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебімізді, жаман атқа қалдыру емес, амалсыз әзіргі мектептегі рухани азғындықтар мені бір сәтте тыныш қалдыра алмайды.

Міне, тағы бір оқу жылын артқа тастадық. Мектеп бітірген жастармызға Алла алдынан жарылқап, мақсаттарына жетіп, бақытты, жақсы өмір сүрулеріне тілектеспіз. Алда УБТ тұр. Тек экзамен өткен жылдардағыдай болмай, жастармыз жолдарын таза бастаса дейміз. Бәрімізді білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебімізді, жаман атқа қалдыру емес, амалсыз әзіргі мектептегі рухани азғындықтар мені бір сәтте тыныш қалдыра алмайды.

Бұрын соңды әлемде балаларымыз білім, тәрбие алатын білім ордаларында ақша жинау, сыбайлас жемқорлық, пәре алу жайлады деп қоғам тарапынан дабыл қағылып, мектептерде «ақша жинау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық штаб» құрып күресуде дегенді естіген бе едік. Жоқ. Штабтың ашылғанына ОҚО 10 жыл болды, неге  әлемде тек біздің облыста бар? - деп намыстанған басшы көрмедім. Бұдан ары мекетептерді рухани азғындыққа жол бергеніміз үлкендер үшін ұрпақ алдында кешірлмес қылмыс. Бәрін тізбектеп жатпаймын, Қазақстанның әр азаматы біледі десем болады: мектептердегі атыс-шабыстан оқушылардың өлімінің артуы, жемқорлық, мамандарды пәремен алу /ОҚО 1000-2000 АҚШ доллары аралығында/ / Айыптауға кірмейтін білім ордалары үлгі тұтарлық.: білім бөлімінде мықты сектор меңгерушілері бар, мамантаңдай білетін/ комиссияға пәре жинау, өзіндік пікірі бар, ары таза білікті мұғалімдерді қудалау, аластату,  білім-тәрбие сапасындағы көзбояушылық, мектеп басшылырының білім, тәжрибелерінің, әдеп, мәдениетінің төмендігі т.б толып жатқан кемшіліктер. Мысалы алматыдағы мектептің тарих пәні мұғалімінің қысым, жаланы көтере алмай қайтыс болғанын айтуға болады. /Директоры З.Валиева ханымның құдағиы/. Мектеп директоры тарапынан мұғалімдерге жасалған осы тектес қиянаттарға дәлелдер көп. Атам қазақ «Сөз сүйектен өтеді...» деуші еді, бірақ білім саласы басшылырының көбісінің сүйегі мықты екен. Қоғам тарапынан қанша дабыл қағылса да барлық деңгейдгі депутаттар мен, әкімдеріміздің үнсіздігі де білім ордаларындағы азғындыққа жол ашқандай. Білім бөлімі басшылары директорларын қорғап, - сын айтып,  кемшіліктерін ашқандарды айыптаудан ары бара алмай отыр. Осы жылы мамыр айының 6-жұлдызында Шымкентте «Ұлт тағдыры» ҚБ ұйымдастыруымен «Мектептегі сыбайлас жемқорлыққа» байланысты өткен кездесуде мен мектеп директоры болу үшін 10-20 мың ақыш долларына жеткенін, ақша жинау, пәре туралы айтқаныма Шымкент қалалық білім бөлімі бастығы Ж.Тәжиева ханым дәлеліңіз қані сотқа беремін дейді. Ж.Тәжиева алғашқы бастық болып келегенде біздің пікірмізді қолдап, мектеп басшыларын тәртіпке салатындай болған еді, аз уақыттың ішінде директорларды жақтап, шық жуытпайтын болды. Әйтеуір бастық болғандар тез арада өзгеріп шығады.  Пәре, сыбайлас жемқорлық жайлаған мектепте білім, тәрбие спасы төмендеп, рухани азғындыққа ұшырау салдарынан,  2010-2011 оқу жылының өзінде  Шымкентте оқушылар, екі оқушыны атып, біреуін пышақтап өлтірді. Күнәсіз оқушыларымыз өліп жатқанда Ж.Тәжиева ханым дәлел сұрайды.  Мектепте пәре, ақша жинаудан... бөлек,  кейінгі жылы бала бағу демалысынан оралу үшін де 40-60 мың аралығында пәре алуды шығарыпты. Бұларды сұрасаң екінің бірі біледі, тек басшылар білмейді, дәлел сұрайды. Атым ұстазғой, елден,  ұжымнан ұят болады-ау дегендер жоқ. Өйткені айтқан ұстаз қудаланып жұмысынан айрылады, басшылардың бар білгені, басты құралы сол, ілік іздеп қорқыту. Қалай әділетті қоғам орнатамыз, баларымыз білім, тәрбие алатын жерде азғындық, жемқорлықтың, қылмыстың неше түрі көбейіп жатса. Мүмкін, бұл білім саласы басшыларының егемендігіміздің 20 жылдығына қосқан үлесі болар.   Мектепте ақша көп. Мысалы, Шымкент қаласындағы №31 мектепте, сағаттарды қоспағанда,  22 адам жоқ болсада айлығы алынып, екі жылда 5 млн аса бюджет қаржысы жұмсалған.  Директорының үстінен сот жалғасуда. Мұғалімдер шағымымен /атын айтып мазаламайын, ол апай демалыста/ қаладағы №40 мектепке барғанда, ақылы қосымша сабақтың өзінен жылына 6 млн. тенгеден аса түседі екен.  Жылда ыдысымен гүл ала берген. Шығындарды директордың өзі актсыз есептен шығарып отырған. Ремонтқа, күзетші штаты бола тұра, күзетшіге де ақша жиналған. Облыстық қаржы полициясының мәліметі бойынша, өткен жылдың өзінде ОҚО мектептерінде  186 қылмыстық іс тіркеліп, көбісі сотқа өтіпті. Осыдан кейін ақталып, дәлел сұраудың орнына, бастықтар орындарын босатса, қоғам пайдасын ойлайтын, азғындыққа жол бермейтін басшы келіп қалуы мүмкін.

Ю.Баласұғани «Ақшамен бәрі істейді, әділет үшін кім істейді?» дегеніндей ақша болса бәрін істеуге болады. Істеліп жатқан жұмыстарды да жоққа шығара алмаймыз, бірақ адамдардағы мейрім мен ар тазалығы,... рухани байлығында екені ескерусіз қалып келеді. Мектептегі рухани азғындықты  ақшасыз да  тоқтатуға болады. Ол туралы «штаб» мүшелері облыс әкімдеріне бірлесіп жиын өткізуге ұсыныстар жасалғанмен аяқсыз қалды. Қоғам өкілдерінің дабылына құлақ аспағандық болар, А.Мырзахметов облыс әкімі болып келегенде мұғалім болуға пәренің ставкасы 500 доллар еді, әзір 1000 -2000 доллар аралығына өсті. Бұған қалай баға береміз? Білім, тәрбие сапасы пәре өскен сайын төмендей береді. Ол аксиома. Тура қазір мектептегі азғындықты тоқтату қиындау. Себебі, мектеп басшыларының басым көпшілігі  терең білімді,  тәжрибесі жоғары, нағыз ұстаздық қабілетімен танылып құрметке ие болған,  педагогика сырын жетік меңгергендер емес: директор болу оңай, табысы мол, жоғарының тілін тапсаң болды деп, ... келгендер.  Кейінгі жылдары да ұстаздық қабілетімен танылып құрметке ие, ары таза, тәжірибесі мол директор болыпты дегенді естімедім. Нәтижесінде, жауапты басшылардың мектеп басшыларын таңдаудағы немқұрайдылығы қоғам мен мектептің рухани азғындауын арттыруда.. Ашына айтқанда, қоғам мен ұрпағымыздың рухани өрлеуіне балта шабылуда. А.Каменскии «Адам баласының бұзылғандығын жөндеу үшін жас өспірімдерді дұрыс тәрбиелеуден басқа жер бетінде тиімді жол жоқ» десе, біздің білім ордалары керісінше рухани азғындап барады. Бір жастар болашағын ойлайтын министр болса, білім мекемелеріне демократиялық реформа ауадай қажет болып тұр. Әзіргі білім саласындағы азғындыққа көп азаматтар билік жүйесін кінәлайды. Солай дегеннің өзінде, жергілікті жерде президент, парламент басқарып отырған жоқ қой. Түзесек кім қой дейді?  Олай болса кінәлі, жергілікті басшылар мен үлкендердің ұрпақ алдында жауапсыздығы.   Қысқасы директор боламын деген, ұсынылған маман: Менің білім, тәжрибем ұжым алдында ар тазалығым, қабілетім ұстазға-ұстаз болуға лайықпын деп санаймын. Директор болу мансабым емес, ұстаздардың шығармашылық қабілетін көтеруге жағдай жасап, білім, тәрбие спасын көтеру. Бұлар қолымнан келеді,  дегендей уәдесін алып, талқылау керек. Жастарымыздың болашағы, еліміздің  мәдени, рухани дамуы, өркендеуі білім бөлімі басшылары мен мектеп директорларының рухани деңгейіне тікелей байланысты. Конфуции «Адал кісіні адал еместерден биік қойсаң, адал еместерді адалдыққа тартасың» дейді. Біздің басшы орынға ары таза, терең білімділер болсын дейтініміз де осы. Мұхаммед ғ.ә.с «Кімде кім адамдар арсында бастыққа лайықты біреу болса да, сол орынға оны сайламай өз жақынын сайласа: ол бүкіл момынға қиянат жасағаны» дегені, ұжымда директор, орынбасары болуға лайықты маман бола тұра, одан төмен маман директор болса бүкіл ұжымға қиянат жасағаны деп түсінген дұрыс. Бұл жағдай бізде жиі кездеседі. Осыны да ескеріп мектепте директордан, орынбасарынан - ұстаздық білім, қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, ары таза ұстазға, ұстаз болатындарға: директор, орынбасарлары өз еркімен орындарын босатып, сол ұстазды басшылыққа ұсынуын бүгіннен жолға қоюуымыз керек. Бұл мектептерді рухани азғындықтан тазартып, білім сапасы мен ұстаздар ынтасын, ізденіс-шығармашылығын көтеретін төте жолдардың бірі.

«Ұлт тағдыры» ҚБ ОҚО төраға орынбасары.

ОҚО  мектептерінде ақша жинау, сыбайлас

жемқорлыққа қарсы   қоғамдық штаб жетекшісі

Жарқынбек Сейтінбетұлы

0 пікір