Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3145 0 пікір 28 Мамыр, 2011 сағат 13:09

Қызылорда облысында темекі шегуге қарсы күрес айлығы жүріп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. 28 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында бір айдан бері жүріп жатқан темекіге қарсы күрес айлығы аяқталып келеді.

Осыған орай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында «Шылым шегушілікті шектеудің өзекті мәселелері» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізілді.

Шараға об­лыстық ішкі сая­­сат, кәсіп­кер­лік және өнер­кәсіп, ішкі істер департа­менттерінің өкілдері, басқа да сала маман­дары атсалысты. Жиында айтылғандай, биылғы жылдың басынан бері облыс бой­ын­ша тәртіп сақшылары 452 азаматты тыйым салынған жерлерде темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оларға жалпы сомасы 683424 теңге айыппұл салынған.

Статистикалық деректерге сүйенсек, жыл сайын жер бетінде шылым шегуден 5 миллионнан астам адам қайтыс болатын көрінеді. Ал жаһанда темекі шегетіндердің саны қазір 1,2 миллиард адамнан асады. Бұл зәрлі түтіннің әр талы адам өмірін 12 минутқа қысқартады. Өйткені, оның түтінінде 4000-ға жуық химиялық заттар бар.

Акцияға қатысушылар осы жайында тарқатып айтты. Сонымен қатар Қазақстанда жыл сайын темекі шегушіліктен пайда болған аурулардан 27 мың адам көз жұматыны да жеткізілді. Бір өкініштісі, елімізде әйелдер­ арасындағы темекі шегушілік деңгейі 9,8 пайызды құрайды екен.

_

0 пікір