Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Білгенге маржан 17745 12 пікір 21 Наурыз, 2019 сағат 10:50

Қауіпсіздік Кеңесі қандай ұйым?

Қазақстанның Тұңғыш Президент – Елбасы: «...Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым» – деді. Және тағы да: «...Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде қызмет ете беремін. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конститутциялық Кеңестің мүшесімін.» – деп өтті.

Тұңғыш Президент – Елбасы деген кім?

Сұрақ Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) деген қандай мәртебе деген сұраққа 2000 жылы 20 шілдедегі бекітілген ҚР Тұңғыш Президент – Елбасы туралы Конституциялық Заңы нақты жауап береді. Аталған заңның 1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының мәртебесі және өкілеттігі – деген бапта былай деп көрсетілген:

Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бастауында тұрған және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:

1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының алдын да, республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару; Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін басқару; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен — Елбасымен келісіледі.

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының құзіреті қандай?

Өз мәлімдемесінде: «...Елеулі өкілеттігі бар» – деп астын сызып көрсеткен Елбасы Н.Ә.Назарбаев төраға ретінде қызмет ете беретін  Қауіпсіздік Кеңесі қандай ұйым? Бұл сұраққа жауапты біз Құрметті Н.Назарбаев мырзаның қолымен 2018 жылғы 5 шілдедегі   бекітілген ҚР Қауіпсіздік Кеңесі туралы Заңынан табамыз.  Заңда былай деп жазылған: 1 тарау. Жалпы ережелеріне қарайтын болсақ:

1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты Қауіпсіздік Кеңесін Төраға ретінде басқару құқығы өмір бойы тиесілі.

3. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен келісе отырып қалыптастырады.

Конституциялық Кеңес мүшесі қандай құқыққа ие?

Қазақстан Респбликасы Конституциясының 6 бөлімі толығымен Конституциялық Кеңеске оның мүшелерінің құқығына арналған. Ата заңның 6 бөлімінің 1 тармағына сәйкес: Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Енді, аталған бөлімінің 5 тармағын толығымен ұсынамыз. Онда: Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерін өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Сонымен, 1991 жылы Тәуелсіздік алған Қазақстанымыздың мемлекет ретінде өркендеуі жолында ерекше еңбек еткен тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы енді Қазақстан Республикасының Президенті емес. Алайда, Президент емес екен деп көңіл-күйімізді еш түсіруге болмайды. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы. Н.Назарбаевтың бұл қызметінің құзіреті – келесі Қазақстан Республикасының Президенті құзіреті мен өкілеттігін он, тіпті жүз орап алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың шешімдері шыға бастады. Ақпарат бетіне шыққан ең бірінші ақпарат бетінде жарияланған шешім «Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековты Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалсын – деп астына  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен бекітілген. Ең қызығы ақпартта, әлеуемметтік желіде алғаш жарияланса да бұл шешім № 2 шешім екен. Ал, №3 шешімде: «А.А. Бисембаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары болып тағайындалсын» – делінген. Бұл шешім де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен бекітілген. Сұрақ. № 1 шешім қайда? Ол шешімнің Кім үшін шығарылғанын білетін шығарсыздар?

Қарапайым халық үшін елдің тыныш болғаны ауадай қажет! Президенттер келеді, кетеді. Ал, Отанымыз Қазақстан мәңгі қалады. Ел басқаруға келген азамат Қазақстанның бұдан да мықты болуына жұмыс жасай берсін!

Бұл жазбамызда, Ата заң мен Заңдарды бап-бап, тармақ-тармақ етіп тарамдай, талдауды оқырманның еншісіне қалдырдық.

Еркінбек Серікбай

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3528