Сенбі, 20 Сәуір 2024
3035 1 пікір 18 Наурыз, 2019 сағат 10:54

Қазақстанға түсті металл таситын түркімендер түркімен-өзбек шекарасында ұсталды

Түркімен-өзбек шекарасындағы кеден бекетінде түркімен шекарашылары түсті металл толы сегіз жүк көлігін тоқтатты.

Жүк көліктерінің қожайындарының барлығы Түркіменстан азаматтары, олардың алтауы этникалық қазақ, екеуі түркімен екені анықталды. Барлығы тоғыз күннен бері Кёнеургенч этрапы полиция бөлімінің абақтысында отыр. 5 наурызда ұсталған сегіз адамға түсті металды контрабандалық жолмен тасыды деген айып тағылған. Бұл туралы Азатлык радиосының Түркіменстандағы тілшісі хабарлады.

Оның айтуынша, ұсталғандар түркімен-өзбек шекарасынан өтіп, әрі қарай Қазақстанға жол жүрмек болған. "Автокөлікке тиелген жүк декларацияланған", - деп хабарлады тілші.

"Олар Қазақстанға виза ала алмаған, сол себепті Өзбекстан арқылы өтпек болған". Тілші мәліметіне қарағанда, күдіктілер түсті металды Қазақстанда азық-түлік пен басқа да тауарларға айырбастап, Түркіменстанға оралуды көздеген.

Abai.kz

1 пікір