Сенбі, 20 Сәуір 2024
2924 0 пікір 28 Қаңтар, 2019 сағат 16:22

Қазақстандықтар салық қарызы туралы SMS-хабарлама алады

Қазақстанда жыл соңына дейін салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесі іске қосылады. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесін жыл соңына дейін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ, бұл азаматтардың дер уақытында салық төлейтіні туралы кепілдік бермейді", - деді ведомство басшысы Мәжілісте үкімет сағатында. Әлихан Смайылов шекара асып бара жатқан тұлғалар үшін салықты сол жерде (әуежайда) төлеу мүмкіндігі пайда болғанын айтты.  "Төлем жасалғаны туралы мәлімет әп-сәтте келеді. Үкіметтің электронды шлюз арқылы банктермен тікелей жұмыс істейміз. Бұл төлемінің жаслағаны туралы мәліметті бір, екі минутта көруге мүмкіндік береді. Сол себепті, шекарадн асу кезінде мұндай мәселелер туындамайды", - деді министр депутаттарға.

Дереккөз: turkystan.kz

Abai.kz

0 пікір