Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2579 0 пікір 6 Мамыр, 2011 сағат 03:49

Мұнай бағасы 10 доллардан астамға құлдырады

АСТАНА.  6 мамыр.  ҚазАқпарат  -  5 мамырдағы сауданың  қорытындысы  бойынша  Лондон  биржасында Brent мұнайының  ресми бағасы  бірден 10,39   долларға құлдырап, 110,80 доллар/баррельді  құрады,  деп   хабарлайды РБК агенттігі.

Ал  Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының бағасы 9,44 долларға   арзандап, ресми баға  99,80  доллар/баррельді  құрады.

Сарапшылардың  айтуынша,   бағаның    күрт төмендеуіне   АҚШ-та мұнайға деген  сұраныстың  әлсіздігі    себеп  болып  отыр. Сонымен  қатар   доллардың  нығаюы,     АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейінің  жоғарылығы және    дүниежүзі  бойынша  экономиканың  өсуінің  баяулау ықтималдығы да    мұнайдың   күрт арзандауына   себеп  болып  отыр,  дейді   мамандар.

Мұнай бағасы    соңғы рет 2008   жылы  осылай  бір  күнде  күрт құлдыраған   болатын.

0 пікір