Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3173 0 пікір 6 Мамыр, 2011 сағат 03:48

Қазақстанның электролиз зауыты республикадағы ең қауіпсіз кәсіпорын деп танылды - Павлодар

ПАВЛОДАР. 6 мамыр.  ҚазАқпарат  /Вера Ливинцова/ - «Қазақстанның  электролиз  зауыты» акционерлік  қоғамы  республикадағы ең  қауіпсіз кәсіпорын  деп танылды.

Бұл туралы   Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен  хабарлады.

Астанада  өткен Еңбекті  қорғау  жөніндегі    KIOSH-2011  халықаралық көрмесінде   павлодарлық   зауыт   еңбекті  қорғау саласы  бойынша бірінші  орын алып, «Үздік  қауіпсіз  кәсіпорын»  наградасына ие  болды.

«2010  жылы  аталмыш  кәсіпорында   бірде-бір  жазатайым  оқиға  тіркелген жоқ», - деп   хабарлады Павлодар  облысы  бойынша бас  мемлекеттік еңбек инспекторы Құсайын Исенов.

«Қауіпсіздік  мәселесі, біздің    электролиз зауытымыз   үшін,    негізгі міндет  болып  табылады.   Мақсат -   ешқандай жарақатқа  жол бермеу,  біз жұмысшыларымыз   үйлеріне   аман-есен   оралғанын  қалаймыз», - дейді    кәсіпорынның    экология  және  еңбекті қорғау     бөлімінің    бастығы  Серікбай   Қыстаубаев.

Өнеркәсіптік алпауыттың  былтыр    өндірістегі  жазатайым  оқиғалардың алдын  алуға    жұмсаған    шығысы     4 миллионнан астам долларды  құраған.  Кәсіпорында  еңбек қауіпсіздігінің  «Луч» халықаралық жобасы  жүзеге асырылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610