Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2727 0 пікір 6 Мамыр, 2011 сағат 03:07

Серік Әбдірешұлы. Қолайлы әліпби мен емле

Біз  ақшадан гөрі, уақытты үнемдегіш заманда ғұмыр кешіп отырмыз. Уақытты үнемдеу дегеніңіз - барлық шығынды да үнемдеп, әрекеттен интенсивтік (барынша тиімді) нәтиже алу деген сөз. Бұл уәжді біздің бұған дейінгі қолданып келе жатқан жазбамызға қатысты айтып отырмыз.

Кәзірде электрондық кеңісте екі түрлі алфавитті қолданып жүрміз, оның сөкеттігі жоқ. Ауызы алты қарыс орыстілді қауым да латындатып жүргені рас. Бірақ тақырыпты қарыптан гөрі қазақтілді жазбаны қалай оңай әрі тиімді етеміз деген мәселеге бұрғым келіп отыр. Сонымен...

Менің ұсынғым келіп отырғаны - бейресми қолайлы да ықшам, тіл заңдылығын негіз ету арқылы электрондық кеңістегі жазуды барынша ыңғайлы ету. Жазбаны ең болмаса күнделікті қол телефонның болмаса электрондық хабарламаға қолдануға ыңғайлы болатындай ету. Егер де қол («ұя» сөзінің телефонға қатысы шамалы болғандықтан қолданбаймын) телефон арқылы жіберілетін хабарламаның әрбір таңбасы теңге тұратынын есептесек, айтылып отырған бұл мәселе маңызды болып шыға келеді.

Қазақ тілі ғылым тілімен айтқанда - агглютинативтік яғни жалғанбалы болып келеді. Тілдің бұл табиғаты шұбалыңқылыққа бейім. Ал, шұбатылған сөздерді жазу кәзіргі әріп терген заманда Уақыт пен Ақшаның жауы екені рас. Ендеше қазақтілді бейресми («бейресми» деп екі адамның арасындағы жазбаны алып отырмыз) жазбаны қысқартуға бола ма? Болады!

Қалайша?! Тілдің үндестік заңына негіздей отырып, қазақ жазбасын 20-25 пайызға қысқартуға мол мүмкіндік бар. Өйткені, қазақ сөздерін сонша пайызға «шұбалтып» жүрген  екі дыбыс бар, ол - Ы мен І. Бұл дыбыстар тек қана дауысты дыбыстар емес, сондай-ақ, сөздегі буынды жуандатуға (жіңішкертуге) қатысатын, яғни, Үндестік заңын жүзеге асыратын бірден бір дыбыстар болып табылады. Олар өзге дауыссыздарға былайша қосарлану арқылы буынды жуандатады не жіңішкертеді:

ӘРІП

ДАУЫССЫЗДАР

(буыншақ дыбыстар)

1-

б-

бы,бі, ыб, іб

2-

г-

гі, іг

3-

ғ -

ғы, ығ

4-

д-

ды, ді, ыд, ід

5-

ж-

жы, жі, ыж, іж

6-

з -

зы, зі, ыз, із

7-

к -

кы, кі, ык, ік

8-

қ -

қы, ық

9-

л -

ыл, лы, іл, лі

10-

м -

ым, мы, ім, мі

11-

н -

ын, ны, ін, ні

12-

ң -

ың, ің

13-

п -

пы, ып, пі, іп

14-

р -

ыр, ры, ір, рі

15-

с -

сы, ыс, сі, іс

16-

т -

ты, ыт, ті, іт

17-

у -

ұу, іу

18-

х -

хы,ых

19-

Ш-

шы, ыш, ші, іш

Енді осы заңдылықты мына сөздердің жазылуына мұқият назар аудару арқылы қысқартуға болатынына көз жеткізейік:

қы+а+лы+а = қала;  кі+ө+ші+е = көше;

Ал+мы+ат+ы = Алматы;

Ал+мы+ат = Алмат;

ы+сы+ры+ап = ысырап.  Мұндағы көше, Алматы, Алмат сөздерін одан әрі қысқарту мүмкін емес, бірақ «ысырап» сөзін қысқартуға болады:

ысрап. Өйткені, «ыс» буынынан кейін «ы» дыбысы жазсаң да, жазбасаң да дыбысталады, бұл - үндестік заңының көрінісі және Ы дыбысының кестедегі қасиетінен туындап тұр.

Осылайша мынадай сөздер тізбегін келтіруге болады:

ресми нұсқа

жаңа нұсқа

1

ыд{ыс}

ыдс

2

іш{ік}

ішк

3

ішкі

ішкі

4

сөг{іс}

сөгс

5

{шы}ғар{ыл}{ым}

шғарлм

6

бас{ыл}{ым}

баслм

7

{бі}р{ік}{ті}р{ін}ді

брктрнді

8

түг{іс}кен

түгскен

9

{бі}л{іс}кен

блскен

10

{бы}л{шы}лдама

блшлдама

11

{сі}р{ің}ке

срңке

Кестеге қарай отырып, сөздегі жуан не жіңішке буындарға қатысты сәйкес түрде Ы мен І әріптерін қысқартуға болады.

Жақшаның ішінде көрсетілген буыншақ дыбыстарды бір әріппен таңбалау арқылы қаншама шұбалыңқылықтан арылуға болатыны көрініп тұр.

Алайда, буыншақтағы ы, і үншелері мен дауысталатын ы, і дыбыстарын ажырату қажеттігі туындайды.

Біздің пайымымыз бойынша, мынадай үш жағдайда ы, і дыбыстарының буыншақтау қасиетінен гөрі дауысты дыбыс екендігі ажыратылады:

1. сөздің басында дыбысталатын ы мен і үншелері - дауысты: ішік - ішк;

2. сөздің аяғында дыбысталатын ы мен і үншелері - дауысты: ескі - ескі;

3. сөз ортасында келетін үшінші жақтағы жіктеу есімдігінің жалғау ретінде дыбысталатын ы мен і үншелері - дауысты: тіліміз - тлімз; еліміз - елімз.

Алайда, бұл тұжырым бойынша кейбір айырықша жағдайларға сәйкес қағыйда қажет: тілдің  - тілдң, тылдың - тылдң, тіліміздің - тілмздң, тырсыл -тырсл; мұндағы буыншақты үншелерді өз әріптерімен таңбалап, сол арқылы сөздің жуан не жіңішкелігін ажырату мүмкіндігін туғызу арқылы жазылымы бірдей, жуан-жіңішкелігі әр түрлі сөздерді нақтылауға болады. Бұл тұжырым тілді үндесім заңына мойынсұндыру арқылы тұтынушыға мойындатып, оның сақталуын бекіте түседі.

Осылайша қос әліпбидегі мәтін көлемін салыстырыңыз: ескі жазым («жазым» сөзі тілдің сөзжасам қабылетіне орай, бұйрық райлы (бөл, өл ...) етістікке -ым, -ім, - м жұрнақтары жалғану арқылы жасалып отыр; «жазылым», «көрсетілім» сөздері бұл қағидаға қайшы) бойынша - 6 жол, жаңа жазым бойынша - 5 жол.

Ресми әліпбише жазым: жоғарыда келтірілген емлелік және жаңа әліпбилік ұстанымды іске асыруда қазақша мәтін барынша қысқарады да (20-25%-ға), жазым үдерісінде үндесім заңы басшылыққа алынады; бұл жайт тілді игеруді оңайлатып қоймай, оны қағыйдалық қайшылықтардан арылтады, емлелік және орфоэпиялық ережелер бірыңғайланады, үйренушіні тұйыққа тірейтін кедергілерден құтқарады.

Жаңа әліпбйше жазым: жоғарда келтрлген емлелк және жаңа әлпбйлк ұстанмды іске асруда қазақша мәтн барнша қсқарады да (20-25%-ға), жазлм үдерснде үндесм заңы басшлққа алнады; бұл жайт тлді йгеруді оңайлатп қоймай, оны теорйалық қайшлқтардан арлтады, емлелк және орпоепйалқ ережелер брңғайланады, үйренушні тұйққа трейтн кедерглерден құтқарады.

Бастапқы кезде дыбыстық алфавитке дағдыланған адам үшін аздап, үйренісуге тура келеді, бірақ ол 2-3 сөйлем жазғаннан кейін бірден жолға түседі. Аталмыш бастама қазақ тілінің теориясының негізін қалаушылардың бірі Құдайберген Жұбановтың сингармо әліпби жсақтау жөніндегі өсиетінен туындады.

Сонымен, іске сәт!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3587