Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2741 0 пікір 6 Мамыр, 2011 сағат 03:01

Қуаныш Сұлтанов, сенатор. Оқулықтардағы олқылық

Кеше Қайрат Мәмидің төрағалығымен Сенатта өткен жалпы отырыста депутат Қ.Сұлтанов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің атына депутаттық сауал жолдады.

Құрметті Кәрім ҚАЖЫМҚАНҰЛЫ!

Тәуелсіз мемлекеттігімізге 20 жыл болып, бір ұрпақ өсіп шықса да біздің Үкіметтің уақыт сұранысына жеткізе алмай жүрген аса маңызды мәселесі - мектеп оқушыларына арналған оқулықтар сапасы. Бұл туралы 20 жыл бойына дамылсыз айтылып келеді. Жай айтылып жүрген жоқ, қоғам, ата-аналар тарапынан, БАҚ-да қатаң сын талдауымен толассыз көтеріліп келеді.

Әсіресе бастауыш класстарға арналған танымдық оқулықтар, орта, жоғарғы класстарға арналған тарих, әдебиет, дүниетаным тағы басқа оқулықтар мазмұны жағынан бала, жасөспірім өскін үшін түсініксіз, тартымсыз, дарынсыз жазылғаны туралы шағым, арыздар да жеткілікті. Олардың көпшілігі баланы оқуға ынталандырмайды, қызықтырмайды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев алдағы 20 жылға стратегиялық дамуымыздың негізгі бағыттарын белгілеп берді. Сол бағыттардың талабына бүгінгі оқулықтар сай келе ме?

Оған нақты сараптама жасалды ма? «Назарбаев-Университеті» де Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің жаңа бағдарламалары оқулықтармен толық жасақталды ма?

Елбасы сондай-ақ болашақ ұрпақты - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытуды міндеттеді. Сол оқулықтардың мазмұны қандай?

Бір ғана мысал келтірейін. Еліміздің мектептеріне ұсынылған 6-сыныпқа арналған Ағылшын тілі оқулығын көріңіз. Білім министрлігі бекіткен «Атамұра» баспасынан 2006 жылы шыққан «English» оқулығы, авторлары Т.Аяпова, З.Әбілдаева. Осы оқулық ішінде Ресейге тән мысалдар - адам, жер аттары қаптап жүр.  Ең қиянаты - «Болашақ» деген тарауда, 121 бетте Еуропа, Азия, Африка картасы берілген. Онда Қазақстан атымен жоқ. Ресейдің құрамына кіріп кеткен. Осындай оқулықты Министрлік екінші басылыммен таратқан. Бұл не? Кітап авторлары мұндай картаны қай ғасырдан алған? Немесе Министрліктің біліксіздігі, білімсіздігі ме?  Қолжазбаны қабылдауға немқұрайлылық па? Жоқ әлде, болашаққа жастарды осылай өз Отанынсыз дайындау ма?

Мұндай оспадарлық үшін кім жауап беруі тиіс?

Осы жағдайларды ескере отырып, Үкімет Президент Жолдауына сәйкес арнайы «Оқулық» атты жаңа бағдарлама жасауы орынды болар еді. Барлық оқулықтар түгелдей дерлік өте жоғары дәрежедегі мамандар топтарының сараптамасынан өтуі тиіс. Оқулықтарға байланысты тендерлер түгелдей арнайы бақылауға алынуы қажет.

Оқулық жазатын адамдар шығармашылық топтарға ұйымдастырылып, арнайы аттестациядан өткізілуі тиіс.  Олар әсіресе гуманитарлық, адамның рухани санасы мен дүниетанымын қалыптастырып, сондай-ақ жаңа технологияларға жол ашатын пәндерді қатаң сараптама сүзгісінен өткізіп, Президент айтқан «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауына бейімдеу ісі жүзеге асыру меніңше кезек күттірмес мемлекеттік маңызды міндет.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық  Заңның 27-бабы, 4-тармағына сәйкес жазбаша түрде жауап беруіңізді өтінемін.

«Абай-ақпарат»

0 пікір