Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2782 0 пікір 5 Мамыр, 2011 сағат 10:41

Үржарда Қытай қаптап жүр...

Редакциямызға Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы «Сарытерек» ауылының 5 мың гектар жері қытайлардың иелігіне өткені жөнінде хабар келіп түсті. Телефон шалған адамның айтуынша, өткен ғасырда жайылымы мен егістік алқабы жайқалған елді мекенге қазір қытайлар ендеп кіріп алған. Өздерімен жер өңдеуге қажетті ауыл шаруашылық техникасын да әкеп қойыпты.

Ол аз десеңіз, жергілікті қазақтар өңмендей келген қытайларға қара жұмысқа жалданып жатқан көрінеді. 5 мың гектар жердің 2 мың гектар алқабына соя егіліп қойған, ал қалған 3 мың гектар жер өңделіп жатыр, - дейді редакциямызға хабарласқан азамат.

Ал бұл ақпарға қатысты мәліметті: қытайлар қандай келісім мен еңбек шартының негізінде келді, олардың жалпы саны қанша, келісім-шарттың мән-мақсаты қандай? - деген сауалдарға жауапты тиісті ведомстволардан күтеміз.

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 16 (99) 04 мамыр 2011 жыл

Редакциядан:

Біздер де газеттің талабына қосылып Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі мен Үржар ауданы әкімшілігін осы деректердің анық-қанығына жетіп, я мойындап, я теріске шығаруын сұраймыз. Жергілікті атқарушы биліктің жауабын сайтымызда жариялауға дайынбыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір